Томпақ ауылдық кітапханасы

Томпақ ауылдық кітапханасыОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан.Жалпы көлемі. 56 кв.м

Томпақ ауылы 1937-1938 жылдары «ПУТЬ К СОЦИАЛИЗМУ» колхозы деп аталды. Біздің рухани дүниемізді байытып, ой-өрісімізді өркениетті елдердің озық ойлы азаматтары қатарына өткізетін бірден-бір құрал ,ол-кітап.

Осы байлықты оқырмандарына ұсынушы, бірден-бір насихатшысы кітапхана. Кітапхана кітап арқылы және адамның жан-жақты білім алып, саяси санасының қалыптасып, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін әлеуметтік орын. Ол кезде  Калмыков аудандықұ білім беру бөлімінің қарауында  Пупь к социализму ауылында орталау мектеп ашылып, мектеп жанынан «Оқырман үйі» қызмет істеді. Ол біріншіден  мектеп оқушыларына арналса  сонымен қатар еліміздегі сауатсыздықты жою бағытында жұмыстар атқарды.  

Краснояр селолық кітапханасы 1963 жылы  ауыл село еңбеккерлеріне мәдени рухани қызмет көрсету бағытында  аудандық мәдениет бөлімінің бұйрығы негізінде ашылды . Ол кезде кітапханада 120 оқырман мен 2094 кітап қоры болды.

1975-1976 жылға дейін кітапхана қызметін Оралбаева Күляш атқарды.

1977 жылы  ауыл клубымен  бірге жаңа орынға көшірілді.

1976-1979 жылы кітапхана қызметін Жауымбаева Сәуле атқарды.

1979-1982 жыл аралығында кітапхана қызметін Маменова Гүлсара атқарды.

1982-1983 жыл аралығында кітапханашы қызметін Ақтанова Раушан атқарды.

1982-2002 жыл аралығында кітапхана қызметін Саркенова Қайша атқарды.

 2003 жылдың 3 науырызынан Краснояр  ауыл атауының өзгеруіне байланысты Томпақ ауыл кітапханасы деп өзгертілді. Қазіргі таңда кітапханада 305 оқырман саны мен 7246 кітап қоры бар.

2003 жылдан бастап А.Тажғалиева кітапхана қызмет атқаруда.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары мектеп оқушылары мен ұстаздар болса және ауыл жастарымен, ауыл зейнеткерлерімен толығып отыр. Ауылдық кітапхана мектеп кітапханасымен, ауыл мәдениет ошағымен бірлесе отырып төмендегідей көпшілік шаралар өткізілді: . Оқырмандар қызығушылығын танытуда кітапханада арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды, ашық көлемді кітап көрмелері қойылған.

«Мәдени мұра – мемлекет мерейі », «Елбасы Жолдауын оқығанда»,

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде », «Қазақстан - менің елім»,

«Жасөспірімдер сіздер үшін » т.б. тұрақты кітап көрмелері шығарылды.

«Кітап – білім кілті » демекші кітапхананың атқаратын жұмысы үлкен, солардың ішінде балалардың шығармашылық жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінеді.  Ұрпақтан – ұрапаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүрімізді , тілімізді, дінімізді, көркем әдебиеттерді дәріптеу мақсатында «Асыл мұра» балалар клубы 2003 жылдан жұмыс жасап келеді. Клуб мүшелері ай сайын кездесіп, түрлі дүниетанымдылық, сондай-ақ балалардың ой-өрісін, ізденістерін дамытуға тиімділігі мол шаралар өткізіледі. Айына 1 рет клубта отырыс өткізіліп, алдағы жұмыстарға жоспар жасалынып, өткен шаралар туралы пікір алмасады.

 

Клубтың ұраны: « Егемендік еңсемізді көтерсін,

                                Еңбегіміз ел болумен өтелсін» 

Клуб алдында төмендегідей мақсаттар қояды:

  1. Жасөспірімдердің мәдени демалуын ұйымдастыру,
  2. Өзін-өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу,
  3. Туған ел, тарихи тұлғалар, мәдени құндылықтарға ұқыптылықпен қарап, білуге құштар жасөспірімдердің ынтасын арттыру.

«Асыл мұра» клубының ұйымдастыруымен кітапханада «Бала - өмірдің гүлі», «Кітапхана және мен», «Кітап-біздің досымыз», «Балаларға базарлық» атты ертеңгіліктер, «Ертегілер сыр шертеді»-атты кішкентай оқырмандар әзірлеген қойылымдар, сурет салу сайыстары ; «Ардақты  ана, Батыр ана, Ер ана» атты кездесу кештері өткізілді.

Кештің мақсаты аналарды дәріптеу және ана тәрбиесін насихаттау. Кеш барысында отбасы ұрпақ тәрбиесі, имандылық, инабаттылық, салт-дәстүрлерді насихаттауда өз ойларын ортаға салды.

«Бала өмірдің гүлі», «Ертегілер еліне саяхат » кітап көрмесі шығарылып «Жазда ауылға барғанда», «Табиғат - балалар көзімен» сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Біз қай ертегіденбіз» сұрақ – жауаптар алынып жұмбақтар мен мақал-мәтелдер жарыстырылды.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00