Сарман ауыл кітапханасы

Сарман ауылдық кітапханасы Мектеп  ғимаратының жанына  21  кв.м көлеміне орналасқан

Сарытоғай ауылдық округінің № 2 бөлімшесі болған Сарман ауылында кітапхана алғаш рет 1958 жылы  шағын оқу үйінде  «Қызыл бұрыш» деп аталып жұмысын бастады.  Ол кезде қызыл бұрыш  Ілбішін  аудандық  білім беру бөлімінің қарауында болды. Ауылда Сарман  бастауыш мектебі болды, сол мектептің мұғалімдерімен  оқушылар арасында  көпшілік шаралар ұйымдастырып,  тың игеру  қозғалысына да  белсене қатысты. Тың мақалаларын насихаттауда кітаптың әр бетінен, әр сойлемсінен күнделікті ісімізге қажетті іскерлікті, тапқырлықты, адамгершілікті, кішіпейілділікті үреніп қана қоймай, ол қасиеттерді оқушы жастарға да үйрету мақсатында Л.И.Брежневтің «Кіші жер», «Қайта өрлеу», «Тың» естеліктерін оқырман  қауымға насихаттау  жұмыстары жүргізіліп отырды.  Ауылда клуб үй болмағанмен де   кітапхана  ауылдың мәдени рухани,  демалыс орталығы болып  саналды. Кітапханашы  қызметінде Оразғалиева Күляш азырақ уақыт жұмыс істеді, содан кейін Шолаева Нағима  кітапханашы  жұмысын жалғастырды. Ауылдың өмірімен біте қайнап, ауылдың зиялы қауымдарымен бірге, ол кезде Сарман ауылында зиялы кауым мұғалімдер болды, жүргізілетін  жұмыс, насихат жұмыстарын бірлесе атқарып, мектеп жанынан ашылған сауатсыздықты жою мектебінің жұмысы да кітапханашыға да бірдей жүктелді. Бұл бағытта   ол кезде дауыстап оқу  шарасы жие жүргізілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына мерзімді басылым беттерінен жаңалықтарды оқып, таныстырып  отыру кітапханашының бірден-бір жұмысы болды.

 1960 жылдары Сарман ауылындағы кітапхана қоры  аудан  орталығы арқылы толықтырылып тұрды. Қордан  тозығы жеткен, әсіресе, мазмұны жағынан ескірген әдебиеттерден тазарту жұмыстары жүргізіле бастады.

1962 жылдарда кітапхананың алдына қойған мақсаты: КПСС-тың тарихи шешімдерін оқып, үйрену, тұрғындармен үгіт насихат жұмысын жандандыру. Кітапхана жүйесін орталықтандыру – халықты кітап дүниесіне жақында та түсуге әрбір елді мекенді, әр бір өндіріс участкілерін кітаппен қамьтамасыз етуге зор мүмкүндіктер туғызды. Кітапхана жүйесін орталықтандыру жағдайында шалғайдағы мал отарларында істеп жүрген малшыларға, әсіресе ондағы комсомол –жастар бригадысындағы жас шопандарға қызмет көрсетудің  негізгі формасы – көшпелі кітапхана арқылы кітап беру пунктерін ашу  олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету  бағытында жұмыстар атқарылды.

Ауылдың  «Еңбек ардагері», көптеген «Құрмет грамотасының» иегері, совхоз еңбекшілеріне мәдени қызмет көрсетуге жетістіктері үшін Үкімет наградаларына ие болған, «Үздік кітапханашы», кітапхана жұмысын  жақсы атқарып, ауыл тұрғындарына кітап насихаттауда із қалдырған .900 дана кітаппен ашылған кітапхана, уақыт өте келе әр түрлі қазақ,орыс тіліндегі  басылымдармен көркем, саяси, ауыл шаруашылығы әдебиеттермен энциклопедиялық сөздіктермен толыға түсті. 1980 жылы кітап қоры 2519 болған. Кітапхананың сан-салалы жұмыстарының оның ішінде ауыл еңбектерлеріне интернационалдық патриоттық тәрбие беру, идеялық-саяси тәрбие жұмысын жүргізу, партия мен үкіметіміздің қаулы  мезгілінде халыққа жеткізу жаңа дәстүр мен жаңа салтты насихаттау лекция, дауыстап оқуларды кітапхана советі мен үгіттілер тобы бірігіп ұйымдастыратын.

Кітапхана советіне ферма мамандары, мұғалімдер еңбек адамдары енетін. «Мал шаруашылығы селодағы екпінді майдан» партия мен үкіметтің тапсырмасын орындау жолында күні-түні аянбай еңбек етіп жүрге малшы шопандар мен механизаторларға жылжымалы кітапхана озат шопандардың іс- тәжірибесін тарату үшін «Еңбек ер отандырады», «Озаттар біздің ортада» жауынгерлік бетшелер фотостенд шығару арқылы насихатталды.

1988 жылы кітапхана жанынан  ұлттық тәжірибе, салт-сананы қалыптастыру бағытында «Салтанат» қыз-келіншектер клубы құрылды. Шараларына мол озығын дайындауды үлгілі аяқтаған фермадағы озат механизаторлар, аспаздарды шақырып «Шын жүректен» мерекелік кездесу өтті. Совхоз партия ұйымы, ферма мамандары қатысты. Ұзақ жылдары кітапханада үзіліссіз еңбегі бағаланып 1983 жылы кітапханашы Еңбек ардагері  Шолаева Нағима  Құрмет граматасымен марапатталды. Бірнеше рет аудандық советке депутат болып сайланды. 

1993-1999  жылы совхоздар тарап, қайта құру саясаты басталған шақта клуб үйі жабылып, кітапхананың орны жекеге берілді.Кітапхана, дәрігерлік пункт мектеп жанындағы қосымша бөлмеге орналасты. Сол уақытта кітапханада жұмыс істегендер Э.Самалихова, М.Төреханова, О.Оразғалиева,

2000 жылдан бері кітапханашы болып С.Қазиева   жұмыс істеуде. Ауылдағы сауда орны, азық-түлік сататын дүкен жабылып халықтың ұйғаруымен, клуб ретінде қалдырып пайдалану үшін кітапханашы Казиева Светаға тапсырылды  2000-шы жылдан  бері бері кітапханаға көркем және саяси, тіл туралы  әдебиеттер ,балаларға арналған басылымдар көптен келе бастады. Кітапханада ұйымдастырылған барлық көпшілік шараларды  мектеп оқушыларымен, жасөспірімдермен, мұғалімдермен, ауыл жастарымен тығыз байланыста жүргізіледі.

2004 жылы ауданда өткен «Үздік кітапханашы» байқауына қатысып  дипломмен марапатталды.

Заман ағымына қарай кітапхана жұмысы  өзгеріп оқырман сұранысы  да көбейді. Еліміздегі Қазақстан Республикасының  елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы кезекті  жолдауын насихаттауда «Еліміздің жарқын болашағы тұрақтылық кепілі» кітап көрмесін ұйымдастырып кітапханада жасөспірім, оқушылар, ауыл мамандарының қатынасуымен дөңгелек үстел, пікір алмасу өткізілуде. Қазақстан ақын жазушыларының мерейтой иелеріне арналған түрлі әдеби кештер, поэзия кештері әр дайым мектеп оқушыларымен жалпы оқырман тобының қатынасуымен ұйымдастырылып өткізілуде.

 

 

Сарытоғай ауыл округіндегі  кітапханалардың 1985-2007 жылдар аралығында оқырмандар, кітап қоры орташа есеппен алынған көрсеткіштері.

 

 

Сарытоғай ауыл округіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылым көрсеткіштері.

 

Светлана Қазиева 2000 жылдан  бері кітапханашы болып жұмыс жасады 2004 жылы Аудандық ОКЖ ұйымдастару комитетінің «Үздік кітапханашы» байқауынан Қазиева Светлана «Диплом» марапатталды.

2011 жылы  Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл  толуына орай «Алғыс хат» ие болды.

2019 жылы Кітапхана саласындағы  адал қызметі мен  өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Светлана Қазиева Батыс Қазақстан  облысының әкімі   А.Көлгіновтің «Алғыс хат»  марапатталды.    

2021 жылы  8 наурыз  Халықаралық әйелдер  күні мерекесіне орай   Қазиева Светлана  Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиевтың «Алғыс хат» марапатталды.

2020 жылы Сарман ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Қазиева шілде айында зейнеткерлікке шықты.

2023 жылы  Сарман ауылдық  кітапханасына кітапханашы Алтын Тастаева қазан айынан бастап жұмысқа қабылданды.

2024 жылы «Білім» білім беруді және мәдениетті дамыту қорының ұйымдастыру комитеті Ж.Сарбасовтан Қазақстан Республикасы Кітапхана ісін дамытуға  және кәсіби шеберлікті арттыруға  қосқан үлесі үшін «Алғыс хат» және ІІІ Республикалық байқауы Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы номинация «Еркін» Санаты Ауылдық кітапхана DIPLOMA лауреат 1 дәрежеге А.Тастаева ие болды.

Кітапхана оқырмандарының жетістіктері.

2024 жылы «Қадыр оқулары» облыстық акциясына қатысушы  Серік Қадыр «Диплом»  марапатталды.

«Қадыр оқулары» облыстық акциясына қатысушы Ескендір Айшат Дипломмен марапатталды.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00