Жанама ауылдық кітапханасы

 Ақжайық ауданындағы  Сарытоғай ауыл әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы Чапаев ауылынан оңтүстікке қарай 180 км жерде, Жайықтың сол аңғарлық жағалауында орналасқан. Атырау облысымен шектеседі.  Халық саны- 1254 адам.

 

    

Жанама ауылдық кітапханасы

 

  Жанама ауылдық кітапханасы  Мәдениет үйі ғимаратының  ішінде 56. кв.м көлеміне орналасқан.

 

 

                                           

   

Бұрынғы Тайпақ ауданына қарасты «Зауральный» совхозының орталығы болған Жанама ауылының іргетасы 1965 жылы қаланған. Жанама ауылдық кітапханасы 1967 жылдан  бері жұмыс жасап келеді. Ауыл-село  еңбеккерлерінің мәдени дәрежесі мен рухани өсуіне  қамқорлықтар  жасалуы  КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1977 жылғы ноябрьде қабылдаған «Село халқына мәдени қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес болатын. Осы бағытта ауылдық кітапханада өлкетану жұмыстарына шындап мән беріліп жұмыстар жүргізіле бастады.

Кітапханашы  Мұқанова Тұрсын 1977 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып  алыс нүктелерге малшылырға, егіншілерге газет- журналдар апарып,  түрлі тақырыпта кітап көрмелерін  жасақтап үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп отырған. Осындай жұмыстармен қатар, өлкетану библиографиясының  алға  қоятын  басты міндеті, белгілі  бір өлкенің тарихы және мәдениет ескерткіштері жайлы әдебиеттерді, фотокино документтерді, қолжазбаларды жинау,  оқырманға насихаттау болып табылды.

1981- 1986 жыл аралығында кітапханашы қызметін атқарған  Даулетиярова Ғалия  ол кездегі  барлық мәдениет мекемелері мен қызметкерлерінің күнделікті ісінде КПСС Орталық Комитетінің 1983 жылғы  июнь Пленумы қаулысындағы мына нұсқаулар басшылыққа алып отырып: «Советтік өмір салтын, социализмнің іргелі қазыналарын творчестволықпен, шебер насихаттау »керек деген жігермен қызметін атқарып отырды. Осы бағытта көптеген түрлі шаралар өткізіп тұрды. 

Қазіргі уақытта 1986 жылдан бері кітапханашы болып Тұраисова Гүлсім жұмыс істейді Кітапханада 750 оқырманы бар, кітап қоры – 11860 дана , 13 мерзімдік басылымдар бар.

Кітапхана әдебиеттерді насихаттаумен қатар  түрлі әдеби мерекелер, әдеби кештер, кездесулер тағы басқа шаралар, елімізде болып жатқан барлық өзгерістерді, жаңалықтарды насихаттауда оқырмандармен жұмыс жүргізетін орталық ретінде өз міндетін атқарып келеді.Кітапханадағы өткізетін шараларында мектеппен, қоғамдық ұйымдар «НҰР Отан» ХД партиясы, жастар жетекшілерімен бірлесіп әр түрлі бағытта кітапханалық шараларды өткізіп,   оқушыларды кітапханаға тарту үшін әр дайым жылдың басында кітап мерекесін өткізіп «Үздік оқырмандарын»  таныстырып отырады.

Жас ұрпақты тәрбиелеу кітапхананың алдына қойған мақсаттарының бірі. Осы орайда балалармен көпшілік шаралар  жүргізіледі. «Кітап-білім бұлағы», «Наурызым -мерекем», «Шын дарын- шын еңбексіз отыра алмайды», 2004 жылдан бастап Жанама ауылдық кітапханасында кішкентай оқырмандармен «Балдәурен» балалар клубы жұмыс істейді. Шараларын өткізуде кітапхана мектеппен тығыз байланыста болып, шараларды бірлесіп өткізеді. «Қазақтың дауылпаз әншісі», «Әлем ертегілері»т.б.

 

2007 жылы Ақжайық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Алмалы ауылдық кітапханасында өткен «Қазіргі таңдағы кітапхана және кітапханашының заман талабына сай үндестігі. Жаңа бастама» тақырыбындағы кәсіби кеңесте мамандығын шындау мақсатында өткен іскерлік сабағында кітап қорымен жұмысты ұйымдастыруда кәсіби біліктілігімен танылғаны үшін  Жанама ауылдық кітапханасының кітапханашысы Тұраисова Гүлсім Мақтау қағазымен марапатталды.

2007 жылы  мәдениет үй  ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп ғимарат ішінде орналасқан  кітапхана жаңарып , заман талабына сай  ауыл тұрғындарына рухани кітапханалық қызмет көрсетуде  әр түрлі бағытта шаралар өткізіліп келеді. 

  

2016 жылы –Тәуелсіздік – 25 жыл Алғыс хат, Ақжайық ауданының әкімінен марапатқа ие болды.
2016 жылы–Тәуелсіздік күніне Алғыс хат Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан марапатқа ие болды.
2018 жылы – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні Алғыс хат марапатталды.
Ақжайық аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысынан марапатталды.
2020 жылы – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне «Алғыс хат» Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан марапатқа ие болды.
2020 жылы – Аудандық кітапхана ұйымдастырған Қазақстанның Халық жазушысы КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай оздырылған «Алаштың асыл ардағы» атты аймақтық байқауға белсене қатысқан Бекарыс Жақсылық «Алғыс хат» марапатталады.
2021 жылы– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Алғыс хат» /Аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлім басшысынан марапатқа ие болды.
2021 жылы- Аудандық кітапхана ұйымдастырған Астана күніне «Әнім де, жырымда сен астана!» тақырыбына облыстық онлайн мәнерлеп оқуға қатысып Наурызғали Инабат «Алғыс хат» ие болды.
2022 жылы – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне «Алғыс хат» «Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-сінің марапатқа ие болды.
2022 жылы– Облыстық «Қайрат оқулары» акциясына қатысушы «Дипломы» /Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасынан марапатталды.
2022 жыл сертификат «Читаем Анатолия Митяева» /Министерство культуры Рязанской области Рязанская областная детская библиотека/ марапат алды.
2023 жылы –диплом «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» облыстық акциясына марапатталды.
2023 жылы – Алғыс хат «Жұбан жырлары жүрегімізде» аудандық байқауына қатысқан үшін марапатқа ие болды.
Кітапхана оқырмандарының жетістіктері 2021 жылы – Аудандық кітапхана ұйымдастырған 16 наурыз аралығында «Кітап-достық көпірі» атты ұлттар әдебиеті «Әзірбайжан әдебиеті шығармалары бойынша (виртуалды) байқауына Наурызғали Инабат «Алғыс хат» ие болды.

2021 жылы – Аудандық кітапхана ұйымдастырған «Батырлар жыры ұрпаққа мұра» жобасы аясында «Қорғаған ұлан-байтақ даласын, батырларым биік данасың» облыстық онлайн мәнерлеп оқу байқауына белсене қатысқан үшін өз өнерін көрсеткен үшін Ұзақбай Нұрсилам , Аманқосұлы Дәулет «Алғыс хат» марапатталды.
2021 жылы – Аудандық кітапхана ұйымдастырған ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылдығы және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай ұйымдастырылған «Кітап оқып, сыйлық ұтып ал» ауданыдық байқауына қатысқан Самат Асылай, Наурызғали Инабат Алғыс хат» марапатталды.
2021 жылы –Аудандық кітапхана ұйымдастырған ақын, аудармашы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лаураеты М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақынның мол мұрасын жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырту, поэзияның құдіреті мен өлеңдерін таныту мақсатында өткізілген «Хантәңірінің мұзбалағы-Мұқағали» атты челленджге қатысқан Наурызғали Инабат «Алғыс хат» иеболды.
2022 жылы – Аудандық кітапхана ұйымдастырған «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» Облыстық акциясына қатысқан Шакидана Аман, Наурызғали Инабат,Ұзақбай Нұрсауле, Жақсылық Бекарыс «Диплом» ие болды.
2022 жылы- Аудандық кітапхана ұйымдастырған Алашқа әйгілі ақын, аудармашы, сынша әдебиеттанушы-ғалым Сағынғали Сейітовтің есімін дәріптеу, шығармаларын насихаттау мақсатында «Талант парасаты: екі ғасырмен егіз өрілген тағдыр» республикалық аймақтық байқауына қатысқан Фариза Сүйеу, Бекарыс Жақсылық «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жылы – Аудандық кітапхана ұйымдастырған Облыстық «Қайрат оқулары» Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, аудармашы, танымал ақын Қайрат Жұмағалиевтың 85 жылдығына арналған поэзиялық пикникке белсене қатысқан
Бисенбай Наз, Сағыныш Жәния, Шаяхметова Баян «Диплом» ие болды.
2023 жылы – Аудандық кітапхана ұйымдастырған «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» Облыстық акциясына қатысушылар Аманқұл Эльмира, Ерсайын Айзере, Жұмажан Ерасыл, Жұмажан Расул, Амант Дамир, Аман Анель «Диплом» ие болды.
2023 жылы – Аудандық кітапхана ұйымдастырған Қазақстан Халық Жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтің туған күніне орай оздырылған «Жұбан жырлары жүрегімізде»
атты аудандық байқауға белсене қатысқандар Әдемі Жұмагелді, Инабат Наурызғали, Нұрислам Ұзақбай, Нұрсауле Ұзақбай, Тәжіғалиева Тұрсынгүл «Алғыс хат» ұйымдастыру алқасы марапаттады.
2024 жылы –Аудандық кітапхана ұйымдастырған «Қадыр оқулары» облыстық акциясына қатысып Эльвира Аманқұл, Бексұлтан Жақсылық, АнельАман, Шұғыла Қали, «Диплом» марапатталады.

 

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00