Мойылды ауыл кітапханасы

Мойылды ауыл кітапханасы ауылдық клуб ғимаратында 40 кв. мкөлеміне орналасқан

Алғаш  аудандық  оқу  бөлімі ашылғаннан бастап Горячкин ауылында сегізжылдық мектеп  болды. Ол кезде  мектептермен қатар кітапхана «оқу үйі» Ілбішін  аудандық халыққа  білім беру  бөліміне қарады. Кітапхананың басты жұмысы  елдегі сауатсыздықты жою бағытындағы жұмыстарды жүргізу, бұл бағытта  мектептің жанынан  сауат ашу мектебі де ашылды.

Ауданның білім беру жүйесінде 1943 жылы жүзеге асқан бұрын-соңды болмаған елеулі уақиғалардың бірі- 20 наурыз, 10 сәуір аралығында 1926,1927 жылы туған ұл балаларды арнайы әскери жаттығу пункттерінде алғашқы даярлықтан өткізу жұмыстарының басталғаны, ондай жаттығу пункті  Горячкин ауылында ұйымдастырылды.Бұл жерде  бұндай ауыл өзгерістеріне әрине кітапханашы бірінші  болып жаршы, насихатшы.

1950 жылы 3 қараша айынан бастап С.Ларшина  Горячкин ауылындағы  оқырман үйінің меңгерушісі  қызметін атқарып,  ауыл тұрғындарының сауатын ашу бағытында жұмысын жандандырып,  мектеп жанынан ашылған  сауат ашу мектебімен де бірлесіп қызмет атқарды.

1951 жылы 23 маусым айынан  Таниева Ханым  мәдениет бөлімінің №20 бұйрығы негізінде   оқырман үйінің кітапханашысы қызметіне алынған.

1952 жылы  Мухаев  Агрепина  мәдениет бөлімінің №37бұйрығы  негізінде  аталған ауылдың кітапханашысы болып жұмысқа қабылданды.

1954 жылы 26 сәуір айынан бастап (Бұйрық № 29 пр.2) оқырман үйіне  Шумилина В П.  қызметке қабылданды.

1953 жылы Горячкин ауылындағы  оқырман отауында  кітапханашы болып  Омарғалиев Сиғуат қызмет атқарды. Ол кезде оқырман отауы  аудандық білім беру бөліміне қарады. Горячкин ауылында жетіжылдық мектеп болды,  мектеп  базасында «ауыл жастарының мектебі»-«школа сельской молодежи»- ашылды. Ол кезде насихат жұмысы «еліміздің коммунизмге бірте-бірте өту жолдарын белгілеп берген» партияның ХІХ сьезі шешімдерімен тығыз ұштастыра жүргізу талап етілді.Барлық аудан тұрғындары сияқты, ауыл кітапханашысыда бесінші бесжылдықтың міндеттерін орындау үшін сүбелі үлес қосуға жұмылды. Саяси сауатты, ой-өрісі кең кітапханашы Сиғуат ағай облыс орталығындағы насихатшылардың қысқа мерзімдік курсынан өтіп, И.Сталиннің «ССРО-да социализмнің экономикалық проблемалары» атты еңбегін бұқараға түсіндіруге атсалысты.

1953 жыл- қоғамымызда өзара сезіктену тұманы сейіле бастаған, адамдар бір-біріне, ертеңіне сеніммен қарайтын ахуал орнаған, қызыл қуғынның ызғары келмеске кетіп, ел өмірінде демократиялық өзгерістердің жылы лебі ескен жыл болды. Ол әрине, ауыл тұрғындарының мәдени өміріне өз септігін тигізді. Ауыл адамдары кітап оқуға,  кейбіреулері қара тануға  ден қойып, ал кітапханашы осындай жұмыстардың басы-қасында, еліміздегі жаңалықтарды сауатты насихаттап жұмысын жандандыра білді.

1954 жылы маусым айында  аудан пионерлерінің кең көлемде ұйымдастырған алғашқы слеті өтті. Әрине, бұған дейін де аудан орталығында пионер ұйымының аудандық жиыны болып келген. Алайда , мұндай 160 тан астам оқушылар мен 50-ге жуық мұғалім, аға пионер вожатыйлар қатысты. Слетті  Совет Армиясының поковнигі Костенконың қатысуымен пионер костерін жағу, ратриоттық әндер, өлеңдер айтумен аяқталды. Бұл шара оқу бөлімінің ұймдастырған ең есте қаларлық, тәрбиелік мәні зор оқиғалардың бірі болған десек қателеспейміз. Бұндай ауқымды шара  ұйымдастыру ауыл кітапханашысысыз өтпейтіні белгілі, Осы бағытта  пионердің тарихы, республика бойынша жас жеткеншектердің  өмірге қосып жатқан үлестерінен сыр шертер кітап көрмесін ұйымдастырған болатын. ( Сиғуат ағайдың айтуы бойынша )

1957 жылы  Чапаев ауылдық советінің атқарушы комитетінің «О перемещени культурно-просветительской  учреждений» шешімі негізінде Сахарный ауылындағы кітапхананың  кітап қорын Горячкин ауылындағы кітапханаға қосып, Горячкин ауылындағы  кітапхана меңгерушісі С.Умарғалиев тағайындалды. (Аудандық мәдениет бөлімі 1957 жыл  25 маусым № 83 бұйрық)

1970 жылдың 10 тамызынан бастап (Бұйрық № 50 пр.7) Горячкин кітапханасында Ильясов Аманғали  қызмет атқарған .

1978 жылы  аудан ішіндегі  бірқатар кітапханалар  орталықтандырылып, Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрамына   филиал болып енгізілді. ОКЖ-нің бұйрығы бойынша  Горячкин филиалына Ильясов Аманғали меңгеруші болып тағайындалды. Бұл кезде кітапхана саласы республика бойынша дамып, кәсіби деңгейде қызметтік жұмыстарын жүргізу қолға  алынған уақыт болатын. Кітапханада қорды  жинастыру, каталог ұйымдастыру, оқырман оқуына басшылық жасау жұмыстарын жүргізуді  Аманғали ағай  әріптестері арасында озық түрде атқарған.

1980 жылдың қорытындысы бойынша Жылдық жоспарын асыра орындағаны үшін  марапатталды.

Сонымен қатар, «Учасов», «Ларшин», «Тасқұдық»,  «Большой путь», «Шығанақ» елді мекенінде жылжымалы кітапхана бөлімдері жұмыс істеді. Пішен қостарына, егін орағында , күзгі жер жыртуда, қырман бастарында «Молния» қабырға  газеттері шығарылып, әңгіме, лекция, пікір алмасулар мен кітап көрмелері, газет-журналдарға шолулар жасалынды. Облыста, ауданда «Куйбышев» совхозында істеген енбегі ескеріліп мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар берілді.

Қазақстан Республика Президентінің – «2000 жылда Мәдениетті қолдау жылы деп атау туралы» Жарлығына орай аудан халқына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту, рухани қажетін өтеу  мақсатында:   « ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдар» Заңының 46 бабын басшылыққа алып,  ауыл турғындарының сұрауы бойыншаАқжайық ауданы әкімі А.Б.Сәтбаевтың  2000 жылдың 13 қыркүйегінде № 174 шешімімен Горячкин ауылдық кітапханасы ашылды.

2000-2001 Қонысов Амантай  ауылдық кітапханасында қызмет атқарған.

2006 жылдың 8 маусымында №169 аудан әкімінің шешімімен Мерген ауыл округінің Горячкин ауылының атауы өзгеруіне орай  Мойылды ауылдық кітапханасы болып өзгертілді.

2001-2008 Сарбупиева Балзия Қаменқызы кітапханашы қызметін атқарған.

2008 жылдан ауыл кітапханасында Амандосова Меңсұлу Қонысқызы  арнаулы орта білім маман қызмет атқаруда.Кәзіргі таңда кітапханада 12 атау санымен мерзімді басылым, кітап қоры  10573 данаға жетіп отыр. 2008 жылы аудан ішіндегі кітапханашылар байқауында жүлделі І-ші орынға ие болды.

2008 жылынан бастап Амандосова Меңсұлу Қонысқызы кітапханаға кітапханашы қызметін атқаруда. Мойылды ауылдық кітапханасы – ауылымыздың жүрегі, бір бөлігі. Кітапхана киелі шаңырақ. Кітап – баға жетпес құнды қазына. Осы құнды дүниенің сақталатын орны – кітапхана. Ауыл кітапханасы – көпшіліктің келетін орны болғандықтан, жас ұрпаққа тәлім тәрбие берумен қатар, рухани жан дүниесін байытып отыру бүгінгі күн талабы. Ауылдағы оқырмандарға тәрбие берудегі игі мәдени шаралар ауыл кітапханасында атқарылып келеді. Оқырмандармен кездесу кеші, поэзия кеші, тақырыптық кеш, патриоттық, ерлік сағаты, танымдық кеш, дауыстап оқу, сайыстар, тәрбие сағаты, жыр кеші, ертегілер еліңе саяхат, кітап көрмелері мен ақпарат беттері таныстырылып, шаралар өткізіледі. Жазғы уақытта мектеп жанынан ашылған «Бұлақ» жазғы демалыс лагеріне қатысушылармен балаларға шаралар ұйымдастырылады, жас оқырмандарға 2022 жылдан «Самғау» көркем сөз үйірмесі бастап жұмыс жасап келеді. Үйірменің мақсаты жас ұрпақтың бойына кітапқа деген сүйіспеншілікті оятып, поэзияға деген құштарлығын арттыру.

2008 жылы «Үздік кітапханашы» байқауына қатысып, ОКЖ директоры Р.С.Мусагалиеваның «Диплом» және сыйлықпен марапатталдым.

2013 жылы Мәдениет және өнер қызметкелер күніне ОКЖ-директоры Р.С. Мусагалиева «Алғыс хат» марапатталдым.

2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 - жылдығына Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасынын директоры З.Б.Утешевадан «Алғыс хат» марапатталдым.

2017 жылы Мәдениет пен өнер қызметкерлер күніне Жұбан атындағы Батыс Қазақстан Әмбебап кітапханасының директоры Ш. Уразаевадан «Алғыс хат» алдым.

2018 жылы Астананың 20-жылдығына «Болашақ бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Кітапхана ісі мен мәдениетінің дамыту қосқан үлесі үшін Ақжайық ауданының әкімі Ә.Жоламановтан «Алғыс хат» марапатталдым.

2020 жылы Кітапханашылар күніне Аудандық Мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Ермухановтан «Алғыс хат» марапатталдым.

2021 жылы Кітапханашылар кәсіби мерекесі күніне Ақжайық ауданының әкімі Қ.Айтмұхамбетовтың «Алғыс хат» марапатталдым.

2022 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетовтан «Алғыс хат» марапатталдым.

2024 жылы Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісін дамытуға және кәсіби шеберлікті арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін білім беруді және Мәдениетті дамыту қорының ұйымдастыру комитетінің директоры Ж.Сарбасовтың «Алғыс хат» марапатталдым.

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы аясында өткізілген «Кітап – достық көпірі» татар ұлтының әдебиетін насихаттау бағытындағы виртуалды байқауға Хамза Есенжанов атты облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Өтешовадан оқырман Зинет Лаура «Диплом» марапатталды.

2015 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқуда «Өз заманның заңғар жазушысы» атты облыстық жас иллюстрациясына қатысып, оқырман Қажет Наргиза «Алғыс хат» марапатталды.

2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай орталық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Майданда туған жырлар» тақырыбында өткізілген сайысқа белсене қатысқаны үшін оқырман Зинет Лаура ОКЖ-директоры Р.С. Мусагалиевадан «Диплом» марапаталды.

2016 жыл «Оқы да, биіктен көрін» кітапханалық жоба аясында «Ш.Мұртаза шығармалары қылқалам тілінде» атты шығармашылық сурет байқауына қатысқаны үшін оқырман Серіков Әлішер ОКЖ-директоры Р.С. Мусагалиевадан «Алғыс хат» марапатталды

2017 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын оқуда» Сұлтанмахмұттың жауһар мұрасы» атты облыстық иллюстрация байқауынан Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Өтешовадан оқырман Зиешова Камшат «Алғыс хат» марапатталды.

Алаш Орданың 100 жылдығына арналған «Кемел елдің кеменгер қаламгері» облыстық вертуалды шығармасының байқауына қатысып, оқырман Дүйсенбай Сайран «Алғыс хат» марапатталды.

2020 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырған «Маған ұнаған жыр» атты онлайн – байқауына оқырман Зинет Саят қатысып, «Сертификат» иеленді.

2020 жылы Қазақстан Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына «Алаштың асыл ардағы» атты аймақтық байқауға оқырман Жалғасбаев Жасұлан ОКЖ директоры Р.С.Мусагалиеваның «Алғыс хат» марапатталды.

2021 жылы Қазақстан халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туған күніне ұйымдастырған «Қадыр оқуларын мәнерлеп оқу» байқауына қатысқаны үшін Ғазиз Кәусар Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э. Амангалиева «Алғыс хат» марапатталды.

2021 жылы «Батырлар жыры ұрпаққа мұра» жобасы аясында «Қорғаған ұлан – байтақ даласын, батырларым биік данасың» облыстық онлайн мәнерлеп оқу байқауына өз өнерін көрсеткені үшін оқырман Ғазиз Кәусар Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э. Амангалиевадан «Алғыс хат» алды.

2021 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған Еліміздің ордасы Нұр-Сұлтан күніне «Әнім де, жырымда сен Астана» тақырыбындағы облыстық онлайн мәнерлеп қатысып, оқырман Молдағали Илиза Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э. Аманғалиевадан «Алғыс хат» марапатталды.

2021 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап» атты облыстық жас иллюстраторлар байқауына қатысып, оқырман Газиз Айзере II- орынды иеленіп, Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э. Амангалиевадан «Диплом» марапатталды.

2022 жылы Алашқа әйгілі ақын, аудармашы, сыншы, әдебиеттанушы- ғалым Сағынғали Сейітовтың есімін дәріптеу, шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген «Талант парасаты екі ғасырмен егіз өрілген тағдыр» республикалық аймақтың байқауына белсене қатысқаны үшін Ғазиз Гүлсая ОКЖ директоры Р.С. Мусагалиеваның «Алғыс хат» марапатталды.

2023 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э.Аманғалиеваның «Алғыс хат» марапатталдым.

2023 жылы Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтің туған күніне орай оздырылған Жұбан жырлары жүрегімізде атты аудандық байқауына белсене қатысқаны үшін Ғазиз Айзере ОКЖ директоры Р.С.Мусагалиеваның «Алғыс хат» марапатталды.

 2023 жылы Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтің туған күніне орай оздырылған Жұбан жырлары жүрегімізде атты аудандық байқауына белсене қатысқаны үшін Серік Жанару ОКЖ директоры Р.С.Мусагалиеваның «Алғыс хат» марапатталды.

2024 жылы «Кітап –достық көпірі» облыстық байқауға орыс ақын-жазушысы А.С.Пушкиннің 225жылдығына оқырмандарым Әлібек Айбөбек шығарма жазып, «Диплом» марапатталды. Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөпірімдер кітапханасының директоры Э.Амангалиева.

2024 жылы А.С.Пушкиннің 225 жылдығына оқырман Медет Айболат шығарма жазып, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э.Амангалиевадан «Диплом» марапатталды.

2024 жылы Ұлы ақын, ағартушы, философ, аудармашы Абай Құнанбаевтың өмір жолы, шығармашылығын насихаттауға арналған Абай мұрасы атты аудандық байқауының «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бағыты бойынша белсене қатысқаны үшін Ғазиз Гүлсая ОКЖ директоры Р.С Мусагалиеваның «Алғыс хат» марапатталды.
2024 жылы ұлы ақын, ағартушы, философ, аудармашы Абай Құнанбаевтың өмір жолы, шығармашылығын насихаттауға арналған Абай мұрасы атты аудандық байқауының Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бағыты бойынша белсене қатысқаны үшін Жұматай Айнат ОКЖ директоры Р С Мусагалиеваның «Алғыс хат» марапатталды.

2024 жылы Бір ел - бір кітап республикалық акция аясында өткізілген Бердібек Соқпақбаев әлеміне саяхат атты облыстық жас иллюстраторлар байқауына белсене қатысқаны үшін Әлібек Айбөбек Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э.Амангалиеваның «Алғыс хат» марапатталды.

Мойылды ауылдық кітапханасы – ауылымыздың жүрегі, бір бөлігі. Кітапхана киелі шаңырақ. Кітап – баға жетпес құнды қазына. Осы құнды дүниенің сақталатын орны – кітапхана. Ауыл кітапханасы – көпшіліктің келетін орны болғандықтан, жас ұрпаққа тәлім тәрбие берумен қатар, рухани жан дүниесін байытып отыру бүгінгі күн талабы. Ауылдағы оқырмандарға тәрбие берудегі игі мәдени шаралар ауыл кітапханасында атқарылып келеді. Кітапханада оқырмандарға жыл сайын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі жолдауларының жариялануына байланысты жоспар алып, бекітіп, бұрыш ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына жалпы оқырман қауымға таныстырылады. «Бір ел- бір кітап» акциясы орай қазақстандықтар тандаған ақын-жазушылардың шығармаларына насихаттау жұмыстары жүргізіліп, түрлі шаралар өткізіледі. Оқырмандармен кездесу кеші, поэзия кеші, тақырыптық кеш, патриоттық, ерлік сағаты, танымдық кеш, дауыстап оқу, сайыстар, тәрбие сағаты, жыр кеші, ертегілер еліне саяхат, кітап көрмелері мен ақпарат беттері таныстырылып, шаралар өткізіліп тұрады.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00