Қырыққұдық ауыл кітапханасы мектеп ғимаратының 25кв.м көлеміне орналасқан.
Қырыққұдық елді мекенінің ірге тасы 1927 жылы қаланды. Аудан орталығы Чапаев селосынан оңтүстік шығысқа қарай 125 км жерде Жайық пен Өлеңті өзенінің аралығындағы бетеге, боз және астық тұқымдас шөптесіндер өскен шалғынды – қоңыр, сортаңдау топырақты құрғақ дала белдеуінде орналасқан.
Қырыққұдық кітапханасы 1937 жылы 500 кітаппен «қызыл бұрыш» болып ашылды. Алайда , бүкіл елдегі көкейтесті мәселелердің бірі – сауатсыздықпен күрес болды. 1930 жылдардың аяғында ауыл тұрғындарының 40 пайызы қара танымады. Осы бағытта алғашқы ашылған кезде Дүйсенова Майра кітапханашы қызметін атқарып, еліміздегі сауатсыздықты жою бағытында ауылдың зиялы қауымымен бірлесе жұмыс жасап, кітапханада шағын кітап көрмелерін ұйымдастырып, дауыстап оқу, ауыл тұрғындар арасында үгіт- насихат жұмыстарын жүргізіп отырды.Сонымен қатар , «Қызыл бұрыш» тұрғындардың бос уақытында жиналатын кино, концерт коятын демалыс орталығы болды.
1968-1971 жылдары 2400 дана кітап қорымен Қаменова Ажар қызмет етіп тұрғын халыққа КПСС сьездерінің материалдарын насихаттап, кітапханада көпшілік шаралар ұйымдастырып оқырмандарға дауыстап оқу, әңгімелер, конференциялар өткізді. Ауылдың қәрі, жастары әрдайым кітапханада Ажар апайдың жанынан табылуға тырысатын .
Оқырманның үзбей белгілі бір жүйемен кітап оқуын өзінің негізі міндеті санаған Ажар апай сол кезде ақ Қырыққұдық ауыл кітапханасында белгілі топ оқырмандарына арнап «Еңбек даңқы» атты бұрыш, «Коммунизм және еңбек бір туысқан» атты стенд ұйымдастыра білді.
1971-1987 жж. Сағиева Роза кітапханада қызмет етіп жастар арасында жастардың заманға деген құштарлығын арттыра түсу мақсатында В.И.Лениннің өмірі мен қызметі туралы әдебиеттерді насихаттауды,коммунистік партия және Совет халқының тарихи революциялық ерлік дәстүрлері, Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандық батырлар туралы Советтік Қазақстанның жетістіктері туралы баяндайтын әдебиеттерді насихаттайтын жұмыстар жүргізді. ВЛКСМ сьездерінің материалдарын насихаттап, «Ленин және жастар» атты конференция, испут өткізіп, егіншілер, малшылар арасында үгітбригада жұмыстарын ұйымдастырды.
1987 –1994 жылдары Габдушева Алмагүл кітапханада ХХҮІ – сьезд материалдарын насихаттап, қоғамдық өміріміздің барлық саласын жаңартып ,жетілдіру қайта құру кітапхана жұмысына да сан- қырлы процесс еңгізгені анық. Осы мақсатта еліміздегі болып жатырған өзгеріс-жаңалықтарды ауыл тұрғындарына жеткізіп, соған байланысты түрлі тақырыпта шаралар ұйымдастырып. Еліміздің Егемендігінің жаршысы бола білген кітапханашы Алмагүл, желтоқсан құрбандарына, рәміздерге, Алаш қозғалыстарына арналған мәнді шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар мараль этика адамгершілік тақырыбына М.Қарақұловтың «Қырық сұрақ» кітабы жастар арасында кең таралып, соған байланысты конференция, диспуттар өткізді.
1997 жылдан бастып Дүйсенғалиев Нұрбек жұмыс жасап келеді. Қазір кітапханада 6670 дана кітап қоры, 300 дей оқырманы бар. Қырыққұдық ауылында негізгі орталау мектебі, фельшерлік пункт, жеке шаруашылықтар бар. Кітапхана ауыл- халқымыздың алтын бесігі, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі. Осы ауылды түлету, елдің мәдениетін көтеру, ауыл шаруашылығы мамандарына көмек көрсету, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ауыл кітапханашысының еңбегі ұшан-теңіз. Кітапханашы Нүрбек ауыл тұрғындарымен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жасай отырып, әсіресе жас буынды кітапханаға тартуда түрлі шаралар ұйымдастырып, өзінің ұйымдастырушы қабілеттілігін көрсете де біліп жүрген жан. Ол ежелгі қазақ жерінде жинақталған рухани мұраны, бүгінгі және келешек ұрпақтарына жеткізуде насихатшы ретінде танылып жүр.