Бітік ауыл кітапханасы мектеп ғимаратының жанында 25 кв.м аумағына орналасқан.
1930 жылдары аудан бойынша білім бөлімі түгелдейге жуық бой көтерген болатын, соның бірі Бітік орталау мектебінің жанынан , мектеп оқушыларына арналған және ауыл тұрғындары арасында сауатсыздықпен күрес жүргізуге бағытталған «оқырман отауы » жұмысын бастады.
1950 жылдың 1 қаңтар айынан «Оқырман отауы» кітапханашысы болып Посконов Сергей Павлович атқарды.
1950 жылдың 31 мамырынан бастап Бітік ауылындағы оқырман отауының меңгерушісі болып Строганов Иван қызметке қабылданды. Осы жылдар арасында Петровская кітапханашы болып қызмет атқарып,
1951 жылдары Чеснокова Александра қызмет жалғастырған. (№26 1952,29ҮІІ)
1952 -1953 жылдар аралығында Т.Багдасарьян қызмет атқарған (МА бөлімінің № 34 бұйрығы 1952 жыл)
1953 жылы 27 қыркүйектен (Бұйрық № 36 пр.2)Сауле Рашева кітапханашы қызметін атқарды.
Осы жылдар арасында Бітік ауыл кітапханасында Н.Н.Маркенов 1959 жылға дейін қызмет атқарған .
1959 жылдың 1 ақпанынан Сергей Павлович Пасконнова қызметке қабылданған. ( мәдени ағарту бөлімінің 1959 жылғы №1 бұйрығы)
1959 жылдың 15 маусымынан бастап (Бұйрық № 71 пр.4)кітапханашы қызметін А.Рыбак атқарды.
1970 жылдардан ауыл тұрғындарына мәдени демалыс орталығын ұйымдастыру бағытында ашылған клубпен бірге ауылда кітапхана болмағанымен тұрғындарға кітапханалық қызмет түрлері де клуб меңгерушісінің ұйымдастыруымен жүргізілді. 1980 жылы халық шаруашылық жоспарына сай атқарушы комитеттің шешімімен Бітік ауылдық кітапханасы ашылды.
Алғашқы ашылған кезде кітапхана қызметін Ж.Шункеева бастады. Аудан аумағындағы басқа да кітапханаларда қызмет атқарған Жеңіс Шункеева кітапхана ісіндегі кәсіби жұмыстарын жандандырды. 1980 жылдары кітапхана саласындағы дәстүрлі жұмыс түрінің бірі шалғай елді мекендерге жылжымалы кітапхана ұйымдастырып, мерзімді басылымдар беттеріндегі жаңалықтарды таныстыру, КПСС ХХІҮ сьезд материалдарын насихаттап, «Молодостью своей клянемся тебе, товарищ партия, быть верным делу коммунистов» деген заманның дәйекті сөзімен жұмысын жүргізіп отырды.1983 жылы Бітік ауылдық кітапханасы жылдық жоспарын орындағаны үшін, көпшілік шараларды ұйымдастырудағы өзіндік ерекшеліктері еленіп жыл соңында ОКЖ-ның алғыс хатымен марапатталды.
2005 жылдан бастап ауыл кітапханасында Джаубатырова Ардақ Сисенбайқызы жұмыс істеп келе жатыр. Қазіргі таңда ақпарат қоғамындағы кітапханалардың көрсететін басты қызметтерінің бірі ақпарат кеңістігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірибелермен алмасу болып отыр. Осы бағытта кітапханашы ауыл тұрғындарына, мамандарға, жасөспірімдерге, Ел басының Жолдауларын насихаттап, кітап көрмелерін жасақтап шолу өткізіп, Үкімет бағдарламаларына «Бүгінгі мақсат ұлттық тәрбие», «Еліміздің тірегі тіл» тақырыпта шаралар ұйымдастырып өткізеді.
Оқырмандарға кітапханада кітап оқуға, мерзімді басылымдармен танысуға барлық жағдайлар жасап, «Кітапхана білім ордасы», «Келіңдер оқыңдар» атты танымдық шаралар, ақпарат күндер, оқырмандар арасында өткізіп отыруда. Сонымен қатар кішкентай оқырмандарды кітапханаға, кітап оқуға баулу мақсатында 2004 жылдан «Қызықты негешілер» клубын ұйымдастырып кішкентай оқырмандар арасында қызықты ертеңгіліктер, әдеби саяхат ойындар, сайыстар өткізіп отырады.