Аудан орталығы-Чапаев аулынан батысқа қарай 60 км жерде,Жайықтың Көшім тармағы жағалауындағы орналасқан. Жамбыл ауыл округінің орталығы. Тұрғындары 1143 адам.
Округ аймағына Бітік, Болдырев, Бұлан ауылдары кіреді.
Жамбыл ауылдық кітапханасы
Жамбыл ауыл кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының жоғарғы қабатында 25 кв.м. аумағына орналасқан.
Жамбыл совхозында 1974 жылы кітапхана ашылды. Негізі Жамбыл ауылы 1973 жылы құрылғанымен оның бөлімшелері Болдырев, Бітікте кітапхана 1959 жылдары ашылды. Алғаш ашылған кітапханада Чунгулова Алма кітапханашы болып жұмыс істеді. Заман ағымына қарай кітапхана үгіт-насихат жұмыстарының орталығы бола отырып коммунистік партия мен совет халқының тарихи-революциялық және ерлік дәстүрлері туралы, комсомолдың ерліктері мен жетістіктері туралы сонымен қатар жастарға коммунистік тәрбие беруде тарихи-революция, әскери –патриоттық әдебиеттерді насихаттап, кітап көрмелерін (суретте) ұйымдастырып, көпшілік шараларды да көптеп өткізіп отырды. Сол кездегі басты мақсат болып саналды. Сонымен қатар Ұлы отан соғысындағы Қазақстандық батырлар туралы әдебиеттерді насихаттап әсіресе, осы елді мекенге қарасты Бұлан ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, Совет одағының батыры М.Абдоловпен кездесу кештерін ұйымдастырып, жасөспірімдерге батыр атамыздың даңқты ерлік жолдарын насихаттап жеткізіп отырды.
Ауыл еңбеккерлерінің науқандық жұмыс кездерінде дала қостарына барып жылжымалы кітапхана ұйымдастыру, малшы шопандардың қыстақтарын аралап олардың социалистік міндетемелері туралы жар газеттерін «Найзағай» ұйымдастырып оларға серпіліс беріп отырды. Егін алқабына шығып жаңа газет – журналдармен, көркем әдебиеттермен қамтамасыз етіп отырды.
Жамбыл ауылдық кітапханасында әр жылдары Кубегенова Жұпар Дәулеткерейқызы, Шункеева Жеңіс Сүндетқызы қызмет атқарып, оқырман қауымға рухани білім нәрін себуде өз үлестерін қосты.
1981жылдан кітапханада Қайырғалиева Күляш Өресқызы қызмет етіп, заманның ауыртпалығына қарамастан оқырмандарын жоғалтпай, кітап қоры арқылы оқырмандардың білім дәрежесін жан-жақты дамытып отырды.
Өткенді ұмытпай, жастарды патриоттық рухы күшті азамат ретінде тәрбиелеуде Жамбыл ауылдық кітапханасының атқарар ролі ерекше себебі, бұл ауылдың тұрғыны ҰОС ардагері, «Қызыл Ту Жұлдызы» орденінің иегері Кеңес Одағының Батыры Абдолов Михаил тұрады. Ерлікті еншілеген ердің қанмен келген даңқы – Отанның, қазақ халқының абыройы. Атағы шайқас шебінде аңқылдап тарап, небір қиындықта қапсағай қара емендей қайысып сынбаған Биеш ағаның қаһармандығы бүгінгі және келешек ұрпақ үшін өнеге мектебі болып жасай береді. Осы бағытта кітапханашы Биеш ағаның келер ұрпаққа жеткізер өмір баяны, соғыстағы ерен ерліктерін, жыр қылып айтар шынайы дастандарын жасөспірімдерге әр түрлі бағытта шаралар(суретте) ұйымдастырып, оқырмандардың назарына өлкетану жұмыстарын жандандыра отырып «Батыр біздің ауылда тұрады» фотомантаж көрмесін ұйымдастырды.
Оған қаруластарымен түскен, соғыстан кейінгі жылдары майдандастармен кездесу, кездесулер, құттықтаулар фотолары қойылды. Соның ішінді 1998 жылы атамыздың 80 жылдығына орай өткізілген «Батырын ардақтайды ауыл елі» шаралар кітапхана тарихында есте қаларлық.
Жастардың жүйелі оқуына басшылық ету мақсатында әрбір оқырманға жеке оқу жоспарын жасап, онда көрсетілген әдебиеттердің оқылуын үнемі қадағалап отырады. Қазіргі кезде кітапханада 10903 кітап қоры бар.
Кітапханада 15-16 мерзімдік басылымдар жаздырып алынады.Оқырман арасында ақпарат күндер өткізіп еліміздегі болып жатқан жаңалықтармен таныстырып отырады. Сонымен қатар жасөспірім арасында түрлі танымдық ойындар, әдеби кештер, тақырыптық сабақтар, көпшілік шаралардың жаңаша түрлерін еңгізіп, ұйымдастырып өткізуде.
1965 жылдардан Жамбыл селолық советіне қарасты Дөңгелек ауылында «Красная юрта» атауымен кітапхана қызмет етіп, 1971 жылы № 76 мәдениет бөлімінің бұйрығы негізінде Дөңгелек ауылдық кітапханасына аудандық кітапханасының қорынан дублетті әдебиеттер берілді.
1971 жылдан бастап кітапханада Исмаилова Идрис қызмет атқарып (бұйрық № 60,1971.07.09).
1973 жылы Дөңгелек ауылдық кітапханасында А.М.Петруй. Н.П.Кизява кітапханашы қызметтерін атқарды.
1975 жылы «Красная юрта» жабылды.
1979 жылы аудандық совет атқарушы комитетінің 1979 жылғы 29 маусымындағы № 223 шешімі негізінде Дөңгелек ауылында кітапхана ашуға бұйрық берілген болатын, кітапхана ашу үшін жұмыстану халық депутаттары А.И.Голубова , Рашеваға жүктелді.
1979 жылдың 1 тамызынан М.Мағзомов кітапханашы қызметіне кірісті.
1994 жылы тұрғын халықтың көшуіне байланысты Дөңгелек ауылдық кітапханасы жабылып , кітап қоры аудандық кітапхананың ОИЕФ бөліміне уақытша сақталды.
2001жылы Жамбыл ауыл оқругіндегі Бұлан ауылдық кітапханасы тұрғын санының азаюына байланысты жабылып, кітап қоры жаңадан ашылған Алғабас ауыл округіндегі Тоған ауылдық кітапханасына берілді.
Жамбыл ауыл оқруғінің әр жылдар аралығында оқырмандар ,кітап қорының орташа көрсеткіші.
Жамбыл ауыл округіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылымдар көрсеткіші.