Кенсуат ауылдық кітапханасы

Кенсуат ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан.

Жалпы көлемі – 70 кв.м.

 

 

 

 

 

 

Кенсуат аулының кітапханасы  1934 жылдары  «Оқырман үйі» болып  ашылды.

1934 -1938 жж. Дүйсенғалиев Молдаш

1938-1944жж.  Темірбаев Төреғали

1945-1948 ж ж. Есқазиев Өтеген

1949-1954 жж. Мұқанов Қоңырбай 

1955-1958жж. Мұлқайдарова Алмаш

1959-1961 жж Еділбаев Тасқали

1961-1963жж. Букеева Сарқыт

1963-1966 жж Табылдиева Қарылғаш

 

1966 ж 1998 жылға дейін . Осы кітапханашылар Кеңсуат ауылындағы мәдени рухани өмір жаршылары ретінде заман ағымына қарай әр жылдарда елдің саясатын таныстыра отырып ел сауатсыздығын көтеру , коммунистік тәрбие беру, тарихи революциялық және әскери патриоттық тәрбие, атеистік білімді,жастарға эстетикалық тәрбие берудегі бағыттарды насихаттап,  адамзатқа кітап оқу мәдениетін түсіндіріп отырды.

 

1998 жылдан кітапханашы болып Бейлов Тілекбай жұмыс істейді. Кенсуат ауыл кітапханасында  қазіргі таңда 6830 кітап қоры бар.  Ел басының дәсүрлі Жолдауларын насихаттап, сонымен қатар жасөспірімдерге туған Отанды, өлкені жан-жақты таныту ісіне үлес қосып келеді. Кітапханада  кітапханашы  оқырмандармен,  мекеме, қоғамдық ұйымдармен   тығыз  байланыста  болып, оларды  кітап  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  кездесу  кеші,  дөңгелек  үстелдер, түрлі тақырыпта  кітап  көрмелерін дайындап отырады. 

 

 

 

Оқырман  кітапханадан   өзіне керекті, және жаңа мағлұматтарды кітапханашының әзірлеген  анықтамалық библиографиялық құралдарынан ала алады.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00