Коловертное ауылық кітапханасы клуб ғимаратының 60 кв.м көлеміне орналасқан.
Ұлы жазушы А.С.Пушкин Пугачев тарихында жазғандай: «Жайық бойын жағалай жоғары қарай жүре отырып, олар өздеріне тұрақты мекенді осы Коловертной ескі елді мекеннен тапты, бұл жер Орал қаласынан 60 шақырым еді». Бұл жерде Жайық өзені бойына орналасқан ең бірінші казактар туралы айтылады. Ауылдың ең басты ерекшелігі, мұнда екі дін жорасын жасайтын құрылыс салынған.Совет үкімет орнағаннан кейін бұлар жабылып қалды. 1929 жылы «Трудовик» колхозы болып қайта құрылды. Колхоз құрылғаннан кейін әр жерде бой көтеріп жатырған кітапханалар секілді Коловертное ауылында да 1930 жылдары білім саласына қарасты «Қызыл отау» ашылды. Кейінен 1950 ждылдары мәдениет бөлімінің қарауына ауыстырылды. Алғашқы кітапханашылар Бисенгалиева Зина, кейін Драчко Галина, Плаксина Анна оқырмандарға қызмет етіп, еңбек ерлері жайлы әдебиеттерді насихаттады. Бұл кітапханашылар тұрғын халыққа нәтижелі кітапханалық қызмет түрлерін көрсетіп, ұйымдастыратын. Осындай жұмыстардың барлығы да нәтижелі болып ауыл арасында еңбектері еленіп, біреулері әліде сол ауылдың құрметті тұрғындары.
- 1937 жылы бүкіл жаз бойы белгілі жазушы Аркадий Гайдар тоқтап, демалған. Жазушы тұрған үй әлі бар, (суретте) күні кешеге дейін онда су қараушы тұрып келді.
Сол сияқты осы ауылға бүкіл ғаламшарға белгілі оқымысты, академик А.Н.Дубинин ізін салған.
Осы жылдары мұнда Жазушылар Одағының бірі Мартынов, М.А.Шолохов, В.П.Правдухин, Л.Н.Сейфулина,ғалым Е.Н.Переметин, СССР академия ғалымы А.А.Прокофьев, және басқа да адамдар болған.
Әр кітапхана ел саясатын, халық ахуалын насихаттай отырып, ауыл тарихына зер сала, өзіндік ерекшелігін саралай отырып қызметтер атқарады.
Оған мысал: Коловертное ауылында жоғарыда аталып кеткен атақты белгілі қайраткер, жазушылардың сол ауылда болуы, өмір жылжыған сайын тарих қойнауына кірген сол жылдарды жасөспірімдерге насихаттап кітапханашы өлкені жан-жақты таныту ісіне лайықты үлес қосып келеді. Өлке зерттеушісі Н.М.Чапурин өмір деректерімен тарихи әңгімелерімен Х.Есенжановтың «Яик светлая река» кітаптарын жас оқырмандарға таныстырып, өлкетану бағытында түрлі тақырыпта шаралар өткізуді жалғастырып келеді.
1981 жылы халық шаруашылық жоспарына орай атқарушы комитетің шешімімнен 1981 жылдың 1 желтоқсанынан Бударин ауылдық Советіне қарасты Коловертное ауылына кітапхана ашылды. Ашылған кітапханаға аудандық кітапхананың кітап көрынан 417,61 теңгенің 603 дана кітабы берілді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарынан да кітапханаға кітаптар берілді. Кітапханашы болып Н.Плаксина жұмысқа қабылданды.
Кітапханашы өзінің кітап қоры арқылы оқырмандардың білім дәрежесінің жан-жақты дамуына, әсер етті. Кітапхана өміріндегі оқырмандар үшін жасалатын ұшы-қиыры жоқ көпшілік жұмыстарды Нина жұмыстаң соң оқушылармен кітап көрмелерін, плакаттар дайындап өз оқырмандарының арасында болады. Биыл ауылда клуб ашылды. Ауылдық кітапхананың қазіргі таңда 180 оқырманы бар.