Жаманқұдық ауылдық кітапханасы мектеп ғимаратының 24кв.м көлеміне орналасқан.
1939-1940 жылдары ең алғаш рет Шектібай елді мекені болып құрылған. Жаманқұдық Базаршолан елді мекенінің Оңтүстік бетінде 18 шақырым жерде орналасқан.
Жаманқұдық кітапханасы 1960 жылдары « Қызыл отау» болып құрылып. Ең алғаш рет 1960-1971 жылға дейін Сұлтанғалиев Мұқаметқали еңбек жолын бастаған. ВЛКСМ Орталық Комитеті мен СССР Мәдениет Министірлігінің шешімі бойынша 1964 жылы 28 июннен 1965 жылдың 15 январына дейінгі күндерінде «Совет әдебиетінің жас кейіпкері» атты Бүкілодақтық жас оқырмандар конференциясы өткізілді. Осыған орай кітапханада Мұқамбетқали ағай комсомол ұйымдарының ,жас жұмысшылардың қатысуымен С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабынан оқырман конференциясын өткізді. Осымен қатар эстетиқалық тәрбие жөнінде, экологиялық бағытында түрлі тақырыпта шаралар ұйымдастырып отырды.
1971 жылдан бастап комсомолдық жолдамамен Черниязова Салима өз еңбек жолын «Қызыл отау» кітапханасында 15 жылдан астам уақыт кітапханашылық қызмет атқарған. Ең алғаш кітапхана 800-дей кітап қорымен 100-110 дай оқырмандарымен жұмыс істеген. Кітапханашы алыс нүктелердегі шопандарға, егіншілерге, мал азығын даярлау шаруашылықтарына барып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырды.
1986 жылдардан бастап «Қызыл отау» кітпаханасының аты «Жаманқұдық ауылдық кітапханасы» болып өзгертілді.
1992жылдан бері Жаманқұдық ауылдық кітапханасында Меңдібаева Үміт Құрымбайқызы кітапханашылық қызметін атқарып келеді. Кітапханада салауатты өмір салтын насихаттау бағытында Үміт,«Нашақорлық қауіпті дерт» атты кітап көрмесін ұйымдастырып «Қанат жайған қасірет» атты ауыл фельдшерімен жасөспірім арасында сұбхат кешін өткізді. Оқырмандарды имандылыққа тәрбиелеу бағытында «Имандылық инабаттылық», «Ораза тұта білесізбе» атты кітап көрмелеріне шолу өткізді. Кітапхананы жарнамалау, кітап насихаттау бағытында жас оқырмандар арасында «Кітапхана қасиетті шаңырақ» және «Жақсы кітап жан серігің» атты кітапханалық саяхат, кітап көрмелер әр дайым өткізіп отырды. Анықтамалық- ақпарат жұмысын жүргізуде өлкетану «Өз өлкеңді тани біл», тақырыптық «Қазақстан менің елім», «Ана тілім ардағым» атты картатекаларын жасақтап отырады. Сонымен қатар ауыл мамандарына газет- журнал бетіндегі түрлі тақырыптағы мақалалармен ақпараттық күндерін ұйымдастыруда. Бүгінгі таңда Жаманқұдық кітапханасында 220 оқырманға қызмет көрсетіліп, кітап қоры 3700-ге дейін өсті.