Есім ауылдық кітапханасы

Есім ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің  баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан.

Жалпы көлемі. 102 кв.м

Аудан орталығы- Чапаев ауданынан Оңтүстікке қарай 158 шақырым жерде орналасқан. Халқының саны -247 адам. 

1908 жылдары Есім шағын ауыл ретінде іргесі қаланған.

1962жылы тұңғыш кітапхана «Қызыл үй» деп  ашылып,кітапханаға аудан, және жергілікті тұрғындардың көмегімен кітап қоры жинала бастады. Онда кітапханашы болып, Есеналиева Надежда қызмет етті. Алыстағы нүктелерге  барып, газет-журналдар апарып малшыларға егіншілерге  насихат жұмыстарын жүргізіп отырды. Сонымен қатар кітапханада КПСС сьезд,  пленум материалдарын жинақтап ауыл тұрғындарына, оқырмандарға түрлі тақырыптарда шаралар ұйымдастырып отырды.

1990 жылдары Есім кітапханасы жабылды.

Қазақстан Республика Президентінің – «2000 жылда Мәдениетті қолдау жылы деп атау  туралы» Жарлығына орай аудан халқына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту, рухани қажетін өтеу  мақсатында:   « ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдар» Заңының 46 бабын басшылыққа алып,  ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша Ақжайық ауданы әкімі А.Б.Сәтбаевтың  2000 жылдың 13 қыркүйегінде № 174 шешімімен Есім ауылдық кітапханасы ашылды. Казіргі кезде ауыл кітапханасында Р.Бисенова ауыл тұрғындарына кітап насихаттауда, кітапханада Елбасының  жылдағы дәстүрлі Жолдауларын насихаттап, «Жас Отан» жастарымен  «Жастар ел болашағы» атты тақырыпта пікір алмасу кештері өткізіліп,  жасөспірімдер арасында түрлі тақырыпта жұмыстар жүргізіп отыр.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00