Баянтөбе ауылдық кітапханасы

Баянтөбе ауылдық кітапхасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан.Жалпы көлемі-112 кв.м              

                                                                                  

Баянтөбе ауылында  1974 жылы  «Қызыл отау» ашылып ауыл тұрғындарының аудандық кітапхана көмегімен кітап қоры жиналып кітапханада түрлі жұмыстар басталды.  Ол  кезде  «Уральськ водстрой» Орал су құбыры құрылысы тресінің ПМК -116 мекемесінің ғимаратында орналасты.  Алғашқы  кітапханашы болып А. Каримғалиева жұмыс істеді. Ең бірінші шағын 200- дей кітап қоры  90-100 оқырманы болды. Сол жылдары әр-түрлі республикадан келген жас солдаттар  ауылда екі жылдық  әскери қызметтерін атқарған. Кітапханада түрлі әдеби кештер, диспуттар, әскери сазды кештер  оздырылған. Әскери және отансүйгіштік бағытында әдебиеттер насихатталып, осы тақырыпта «Мен өз Отанымды қорғаймын», «Елім менің мақтанышым» атты ерлік сабақтар, тақырыптық кештер ұйымдастырылды. Кітапханада  түрлі кездесулер, кітап көрмелері, ауызша журнал, өлкетану жөнінде түрлі шаралар өткізіп жастармен тығыз  жұмыс жүргізді.

 

 Қарғабаева Әсия  1980-1986 –ға дейін кітапхана жұмысын жалғастырды.

 

Бұл кісі кітап  қорын  жаңа екпін өзгерістерге толтырды. 1978 жылы  Кітап қоры жаңа ЦБС- қа  көшіп, ББКа  бойынша кітап қорын  әртүрлі  ғылым салалары бойынша  оқырмандарға каталог пен  жұмыстануды үйретті. КПСС Орталық комитетінің 1983 жылғы июнь пленумында «Партия… әр бір адамның еңбек ету қажеттігін, ортақ игілік үшін ыждағатты жұмыс істеу қажет деген айқын ұғым тәрбиелеуді аса маңызды міндет деп. санайды» деп. атап көрсетілгендей еңбек тәрбиесінде  өнегелі өмір үлгісі аса ықпалды. Осы бағытты іске асыруда еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру, озаттардың еңбек жолы адамгершілік қасиет суреттелген әдебиеттерді талдауға арналған кітап оқырмандарының конференциялары, түрлі тақырыптық тараулардан тұратын кітап көрмелері жасақталды.

 

1983 жылы 30 қыркүйек айында Облыстық Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен облыстық білімін  жетілдіру үшін зерделі кеңеске қатысты.

 

1986 жылдан Баянтөбе ауыл кітапханашысы болып  бүгінгі таңға дейін  Рахметова Лида жұмыс жасауда. Сол жылдары кітап қоры жылдан жылға өсе түсті. Оқырман сұранысын орталық кітапхана арқылы алдыртып оқырманға ұсынылды.Кітапханада «Менің сүйікті кітабым»(суретте) кітап көрмесі, ұйымдастырылып,  оқырман қызыға оқитын  Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», атты кітабына конференція, А.Мекебаевтың  «Медет», Б.Соқбақбаевтың «Менің атым Қожа»кітаптарынан түрлі пікір талас кештер өткізілді. Кітапханашы ауыл мектебімен, мамандармен тығыз қарым қатынас жүргізіп түрлі тақырыпта кітапханалық  шаралар ұйымдастырып, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауларын насихаттап отырады.

 

2004 жылы көптеген жылдар бойы жұмыс жасаған  РЭУ аудан тарауына байланысты өз қызметін  тоқтатты. 2004 жылы Банккроттық  болып жарияланғаннан кейін тіреу  мекемесінің дүниесі таратылыды .

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00