Ақжайық ауданындағы аудан орталығы Чапаев ауылынан оңтүстікке қарай 150 шақырым жерде.
Базаршолан ауыл іргесі 1932 жылы қаланған.
Базаршолан ауылдық кітапханасы
Базаршолан ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының 56 кв.м көлеміне орналасқан.
Базаршолан ауылдық кітапханасы 1953 жылы «Оқырман отауы» деп аталып, совхоздың жеке ғимаратында ашылып ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын көрсетіп отырды. Ең алғаш кітапханада 2000- дай кітап қоры, 200-дей оқырман болды. Сол кезде оқырмандармен жұмыс істеген кітапханашы Сәуірбаев Тоқан кітапхана қызметін насихаттау мақсатында ауыл мәдениетін көтеруде елеулі істер атқарған.
Малшыларға, егіншілерге алыс нүктелерге жылжымалы кітап көрмелерін ұйымдастырып сол кездегі үкімет бағдарламаларын, партия, сьезд материалдарын насихаттап отырды.
1956 жылы кітапханада Есқалиев Нәсіпқали қызмет істеген. Нәсіпқали ағай ауыл тұрғындарына Базаршолан ауылының озық шопандарының іс – тәжірибесін насихаттап( суретте) «Қой шаруашылығының озаттарына теңелейік», сонымен қатар жастарға Коммунистік тәрбие беру әрқашан да кітапханалардың ең басты міндеттерінің бірі болып, жастардың жігері мен тасқындаған шабытын дұрыс арнаға салу, өмірде болып жатқан құбылыстарды жастардың дұрыс түсінуіне, Совет жастарына тән ізгі қасиеттерді олардың өз бойына дарытуына, жаман қылықтан аулақ болуына қөмектесуде насихат жұмысын жүргізу кітапхананың басты міндеті. Үгіт насихат жұмыстарының орталығы болуы үшін еңбекшілерге тәрбие беру әдістерін күннен- күнге көбейтіп, сонымен қатар жарасты тұрмыс мәселелерін де ойдағыдай насихаттау бағытында Нәсіпқали ағай кітапханасында «Партия шақыруына іспен жауап берейік» атты стенд (суретте)жасақтап көпшілік шаралар ұйымдастырған.
1960 жылы ауылдық кітапханада кітапханашы болып Махамбетова Гүлжамал апай еңбек еткен. Кітапханада кітап корын сақтауға және толықтыруға өз үлесін қосты. Кітапхана қорының жалпы есеп кітапшасы жаңа тәртіппен қолданысқа енді. (УДК) Бұл кітап бойынша ең алдымен Марсизм, Ленинизм класиктерінің шығармалары, содан кейін қоғамдық саяси әдебиет, тіл білім, медицина,техника, ауыл-шаруашылық,әдебиеттану жөніндегі кітаптар өндеу жіктеу таблицасы жаңалығына еңгізілді.
Сонымен қатар Гүлжамал апай жастарға коммунистік тәрбие беруде кітапханада «Ленині жастарға өсиеті» атты стендтер шығарып, шолулар өткізді. Кітапханада тарихи–революциялық дәстүрде тәрбиелеуде «Ерлер және батырлық» атты тақырыпта бірнеше циклды лекциялар оқырмандарға оқылды.
1965 жылы кітапханада Әдилова Қазымжан апай қызмет істеді.Кітапханада Қазымжан апай ғылыми-атеистік тәрбиені насихаттауда жастар арасында «Дін туралы шындық» атты кітап көрмесін шығарды және «Мұсылман діні жайлы әңгіме етейік» атты тақырыпта қызықты әңгімелер өткізді. Оқырмандарды еңбекке тәрбиелеу мақсатында еңбектегі ерлік істері туралы, өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірістегі озат тәжірибелерді баяндайтын кітаптарды кеңінен насихаттап, ауыл тұрғындар арасында (суретте) газет журнал бетіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстырып отырды.
1971 жылы ауыл кітапханасында Сұлтанғалиев Мұхамбетқали жұмыс жасаған. Ол өзінің жігерлігімен, еңбекқорлығымен ауыл халқын рухани азықпен сусындатты.
Ауыл тұрғындарын соның ішінде озат малшы шопандардың еңбегін көрнекі насихаттау бағытында жұмыстанды. Бұл кітапхананың қызметкері мәдени ағарту жұмысын тікелей бригадаларда малшы фермаларында өткізіп отырды. Дауыстап газет-журналдардан мақалалар оқып беріп отырды. Мұхамбетқали ағай «Жігітке жеті өнер аз» дегендей ауылдың атықты күйшісі атанды.Осы еңбекқорлығының арқасында совхоз еңбекшілері арасында оркестр құрды. Облыстық,аудандық, көлемдегі көркем өнерпаздар байқауларында жүлделі орындарға ие болды. Кітапхана саласында көп жылғы еңбегі бағаланып аудан көлемінде іс-тәжірибесі таратылды. Әртүрлі мақтау қағаздарына ұсынылып «Үздік кітапханашы» атағын жеңіп алған.
1979 жылдары барлық кітапханалар «орталықтандырылған» кітапхана жүйесіне көшірілді.Кітапхана жұмысындағы өзгерістерді , кітап қорымен жұмысты, анықтама ақпараттық жұмысты, каталог пен картатекамен жұмысты жүргізіп отырды. Шопандар арасында көшпелі кітапхана жұмыс жасады.
1987 жылдың қыркүйек айында Базаршолан ауыл кітапханасына кітапханашы болып Даулетиярова Ғалия орналасты.
Ауыл- мәдениетін көтеруде село интеллигенциясы шешуші роль атқарады. Олардың ішінде әсіресе мәдениет жаршылары – клуб, автоклуб, кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Ауыл тұрғындарына, жасөспірімдерге, мамандарға түрлі тақырыпта көпшілік шаралар ұйымдастырып, кітапты насихаттауда кітапханада «Марксизм-ленинизм және қазіргі күн» атты кітап көрмелері Совет Одағы Коммунистік партиясының халық мүддесі жолындағы қызметіндегі марксизм-ленинизм ілімінің жанды көріністерін жан-жақты терең ашып көрсетуге арналды. (суретте)
Оқырмандар арасында зерделі кеңестер өткізіп, қызықты сауалнамалар ұйымдастырып отырды.
Кітапханада барлық кітап қорына арналған жүйелік және әріптік каталог пен жұмыс жасайды. Солнысен қатар кітапханада оқырмандарға анықтама-библиографиялық жүмыспен таныстыру бвғытында кітапханалық сабақтар «Каталог дегеніміз не?», «Таныс бол библиография» өткізіліп отырды. 1994 жылдың қыркүйек айында совхоз ғимаратынан кітапхана мәдениет үйіне көшірілді. Жаңа ғимаратта кітап көрмелерін жандандырып, кітап қорын орналастырып, оқырмандарға саяхат, көпшілік шаралар түрлі тақырыпта өткізіп отырды.
1994 жылдың желтоқсанында Базаршолан кітапханасында «Оқырмандармен жұмыс» атты тақырыпта аудандық зерделі кеңес өткізілді. Оқырмандарға, ауыл тұрғындарына еліміздің, қазақ халқының салт-дәстүстүрін, әдет-ғұрыптарын насихаттау да кітапханада 2000 жылдан бастап «Асыл әжелер» мүдделестер клубы (суретте) жұмыс істейді. Жасөспірімдерге «Қош кеді Наурыз» әдеби фольклордың кеш ұйымдастырып, ұлттық тағамдар әзірлеп оқырмандарға, жасөспірімдерге сол кездегі әндерді айтып, олеңдер оқылды. 2005 жылдың мамыр айында кітапханаға компютер берілді. Бүгінгі таңда 11500 кітап қоры 800 оқырман бар.
1985-2007 жылдар аралығындағы оқырмандар, кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері
Базаршолан ауыл округіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында мерзімдік басылым көрсеткіштері.
Даулетиярова Ғалия Серікқызы 1961 жылы Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жанама ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Жанама орта мектебін бітіріп, Атырау мәдени-ағарту училищесіне оқуға түсіп, 1981 жылы кітапханашы мамандығы бойынша білім алды. 1987 жылдың қыркүйек айында Базаршолан ауыл кітапханасына кітапханашы болып Даулетиярова Ғалия орналасты сол жылдары Жанама ауылының кітапханасына кітапханашы болып жұмысқа орналасты. 1986 жылы Базаршолан кітапханасында кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2010 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының бағдарламалық міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруда қосқан үлесі үшін Базаршолан ауылдық кітапханасының меңгерушісі Ғалия Серікқызына «Нұр Отан ХДП Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Аймұқашевтан «Алғыс хат» марпатталды.
2010 жылы аудандық «Нұр отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Аймұқашовтың «Алғыс хат» марапатталды.
2016 жылы Еліміздің кітапхана ісі мен оқу мәдениетін дамытуға, ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыз бен көркем ой құндылықтарын жас ұрпаққа насихаттауда, қамқор, талапшыл маман ретінде елге еңбек етіп жүрген Базаршолан меңгерушісі Г.Даулетияроваға Ж.Молдағалиев атындағы БҚО әмбебап кітапхана директоры Р.Исатаевадан «Алғыс хат» марапатталды.
2019 жыл аудандық кітапхананың ұйымдастырған «Жұлдызды сәт-2019» жыл бойғы шараларды қортындылап, марапаттау рәсімінде мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі мен осы кітапхана саласында атқарған игілікті істерін, халыққа кітап оқу, оны дамытуда рухани мол мұрамызды насихаттауда қызмет көрсетудегі жетістіктері үшін Базаршолан кітапхана меңгерушісі Ғ.Даулетиярова Қазақстандық кітапханалық одақ заңды тұлғалалар бірлестігінің «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Рахметова Лида Қыдырбаевна 1966 жылы 12 желтоқсан айында Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Қызылжар орта мектебін бітіріп, Орал қаласындағы мәдени ағарту училищесіне «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1986 жылы жақсы бітіріп, Базаршолан ауылына қарасты Баянтөбе елді мекеніне кітапханашы болып жұмысқа орналасты.
2021 жыл Базаршолан ауылдық округ әкімі Р.Б.Бимановтан ел игілігі жолындағы қадамыңды жоғары бағалай отырып, халық арасындағы күрмеулі мәселелерге терең көңіл бөліп, ауылымыздың алға қарай ілгерлеуі үшін уақытпен санаспай атқарып жатқан елеулі еңбегі үшін «Алғыс хат» Базаршолан ауылдық кітапхана меңгерушісі Л.Қыдырбайқызы марапатталды.
2022 жылы Облыстық «Қайрат оқулары» бағыты бойынша Қайрат Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған облыстық экспресс-байқауына қатысқаны үшін «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жылы Ж.Исатайұлының туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігі Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы С.Дүйсеновтен Лида Қыдырбаевна «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күні ұйымдастырылған мерекеде ОКЖ директоры Р.С.Мусағалиеваның «Алғыс хат» Л.Қыдырбайқызы марапатталды.
2023 жылы Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Хамза Ескенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э.Аманғалиевадан Рахметова Лида «Алғыс хат» марапатталды.
2024 жылы Халықаралық байқау орыс ақыны, драматург, суретші М.Ю.Лермонтовтың 210 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға қатысқан кітапхананың белсенді оқырманы, Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББ мектебінің 4 сынып оқушысы Қаршыға Сырғалым Әділетқызы «Диплом» марапатталды.
2019 жылы - Аудандық кітапхана ұйымдастырған «Кітап - достық көпірі» атты ұлттар әдебиеті Украин әдебиеті шығармалары бойынша (виртуалды) байқауына «Украина әдебиеті менің оқыған кітаптарымда» атты Аманғалиев Тәңірберген Болатұлы өз эссесін ұсынылып ІІ орынға ие болды.
2019 жылы - «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Ә.Тәжібаевтың «Көне қоңырау» шығармасы бойынша Еламанов Айбек өзі салған суретін аудандық байқауға ұсынып ІІ орын иеленді.
2020 жылы - Жерлесіміз ақ шағала ақын А.Бақтыгерееваның 75 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылған «Өлеңдері өмірдің өзіндей» атты мәнерлеп оқу байқауына Ғ.Махамбетов атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Ермекқалиева Зулфия ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып ІІІ орын иеленді.
2020 жылы Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Жетістікпен Жұлдызды сәтке 2020» марафоны бойынша «Әлеуметтік желідегі белсенді оқырман» атылымымен Құспанов Қайнар Тасболатұлы марапатталды.
2021 жылы «Сыңғыр шолпы шашбауың жарасады таққаның» атты облыстық байқауына Орынбасар Диляра жүлделі І-орынға ие болды.
2024 жылы Х.Есенжанов атындағы ОБЖК ұйымдастыруымен Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырзалиевтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Қадыр Мырзалиевті оқимыз» атты акциясына белсенді оқырман балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауына қатысып Хамза Сағын, Айназ Бауман, Айназ Бақтығали, Алина Қыдырбай, Дильназ Артурқызы, Айсезім Манарбек, Сырғалым Қаршыға облыстық кітапхана директоры Э.Аманғалиевадан «Диплом» марапатталды.
2024 жылы «Кітап достық көпірі» облыстық ұлттар әдебиетінің (орыс әдебиеті, ұлы орыс ақыны, жазушы, драматург Александр Сергеевич Пушкиннің 225 жылдығына орай ақын шығармалары бойынша) облыстық виртуаллды байқауына Қыдырбай Мақсат Замирұлы белсене қатысып «Диплом» марапатталды.