Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар.
Көнеккеткен ауылында 1926 жылдан бастап халық үшін Қызыл бұрыш кітапхана көшпелі отау деп аталған. Бұл Қызыл бұрышта меңгеруші болып Сағира Аубакирова жұмыс жасаған.
1929-1930 жылдары Артель ұйымдастырылған. Қызылақырап, Қамыстыкөл колхоздары ұйымдастырылып, Фурманов селолық советінің қарауында болды. Осы Советке қарасты 1930 жылы Фурманов селолық кітапханасы болып ашылған. Кітапхана меңгерушісі Ескенова Ұлыш болған. 1932 жылы Фурманов селолық Советіне Жаңақаладан өкімет шешімімен «Жігер» колхозы соңынан 15 жылдық Қазақстан колхозы келіп, Көнеккеткен жағасына орналасқан. Совет қарауында бір-ақ кітапхана болды. Ескенова Ұлыштың басқа жұмысқа ауысуына байланысты кітапханашы болып Мырзағалиева Жаңыл жұмыс жасайды, кейіннен Өтеулиева Балсан, Шұға Шақақызы Абдрахманова, Сұлтанғалиева Ғалия, Шарапиева Маншук, Ғабсаттарова Баян жұмыс жасады.
1986 жылы Ғабсаттарова Баян басқа жаққа қоныс аударуына байланысты кітапханадан жұмыстан шықты. Содан бері талай кезеңдерден, уақыт сынынан өтіп, кітапхана қызметін тоқтатқан жоқ.
1986 жылдың тамыз айынан бастап, Көнеккеткен ауылдық кітапханасында Қуандықова Үміт Халелқызы кітапханашы болып қызмет етуде.
Ауыл халқының мәдениетін көтеруге, ауылда кітапхана жұмысын жаңғырту, әдебиет пен ғылымның жетістігін үзбей насихаттауда, оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыруда жұмыс түрлерін пайдалана отырып, біршама жұмыстар жүргізілуде.
Куандыкова Умит Халеловна 1966 жылы 7 тамыз Орал облысы Чапаев ауданы Первомай ауылында дүниеге келдім.
1973 жылы Восход орта мектебінің табалдырығын аттап, 1983 жылы мектеп бітірдім.
1983-1984 жылы Чапаев ауданы Шолохов атындағы совхозда жұмысшы болып қызмет еттім.
1984 - 1986 жылдары Орал қаласындағы Мәдени - ағарту училищесінің кітапхана ісі мамандығын оқып, бітірдім.
1986 - жылдан Көнеккеткен ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарып келемін.
2013 жылдың шілде айынан бастап Көнеккеткен ауылы Ақжайық ауданына ауысуына байланысты Теректі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен, Чапаев аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне ауыстырылдым.
2017-2020 жылдары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде сырттай «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша аяқтадым.
2011 жылы - Теректі ОКЖ директоры М.С.Лукмановадан, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына «Алғыс хат» марапатталдым.
2012 жылы - Теректі ОКЖ директоры М.С. Лукмановадан, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің – 20 жылдығына «Алғыс хат» марапатталдым.
2013 жылы – Теректі ОКЖ директоры М.С. Лукмановадан «Алғыс хат» марапатталдым.
2015 жылы - Көнеккеткен ауылдық округі әкімі Ұ.З.Кадргалиевадан 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне «Алғыс хат» марапатталдым.
2016 жылы - Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Р.Исатаевадан, Тәуелсіздіктің - 25 жыл дығына «Алғыс хат» марапатталдым.
2017 жылы - Көнеккеткен ауылдық округі әкімі Ұ.З.Кадргалиевадан Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне «Алғыс хат» марапатталдым.
2018 жылы - Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК - ның директоры Ш.Қ.Уразаевадан, ауыл кітапханаларының фестивалі «Алғыс хат» марапатталдым.
2019 жылы - Ақжайық ауданының әкімі Қ.Айтмұхамбетовтен, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне «Алғыс хат» марапатталдым.
2020 жылы – Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтан «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі
2020 жылы – Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқарма басшысы С.Дүйсеновтен , Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне «Алғыс хат»;
2022 жылы – Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э.Амангалиевадан, Облыстық «Қайрат оқулары» акциясына қатысушы «Дипломы» марапатталдым.
2023 жылы Ақжайық ауданының әкімі М.Сердалиннен «Алғыс хат» марапатталдым.
Кітапханамызда белгілі тақырыпқа сай кітап көрмелері ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер, ашық аспан астындағы кітапхана, атаулы күндерге байланысты тақырыптық кештер т.б. тәрбиелік маңызы бар шаралар өткізіліп тұрады.
2012 жылы - Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, Қазақстан Республикасы Халқының тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тұтқасы» атты облыстық байқауға қатысып, О.Исаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Кәрімова Асыл Жангелдіқызы «Алғыс хат» марапатталды.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Есіңде барма жас күнің?» атты өлеңін оқып мәнерлеп оқу бөліміне қатысқан Асыл Кәрімова «Мәнерлеп оқу шебері» алғыс хатымен марапатталды.
2015 жылы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Аталар ерлігін жыр етем келер ұрпаққа» атты облыстық қолжазба кітаптар байқауына белсене қатысып, ұлы ерлікті насихаттаудың зор үлгісін қолжазба кітаптар жасау арқылы көрсете білгендігі үшін Көнеккеткен ауылы О.Исаев атындағы ЖОББМ, 9 сынып оқушысы Дайырқұлова Аяжан дипломмен марапатталды.
2015 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқуда «Өз заманының заңғар жазушысы» атты облыстық жас иллюстраторлар байқауына белсене қатысқаны үшін Сабитова Лаура «Алғыс хат» марапатталды.
2019 жылы 17 сәуір Көнеккеткен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Ораз Исаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Кемеңгер халық перзенті» атты оқырмандар конференциясы өтті. Қоғам қайраткері жөнінде оқырмандар мен оқушыларға терең түсінік беру, олардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында өмір жолы мен еңбегі туралы баяндама оқылып, бейнекөрсетілім көрсетілді. Ауылымыздың ақсақалы Қараша ата «Ағаға арнау» арнап өзінің шығарған өлеңін оқыды.
Аса ауыр әрі қасіретті жылдары халқы үшін жанкешті еңбек етіп, бойындағы дарыны, қабілетін сарқа жұмсаған кайраткердің тұрлаулы істері мен толғаулы ойлары, мағыналы өмір жолын ұрпаққа үлгі ету мақсатында оқушылардың қатысуымен «Ойында да ой болар», «Қыршыннан қиылған ғұмыр» көріністер қойылды. Конференция «Ұрпақтар ұмытпайды» көрмемен қорытындыланып, «Батырлар ұраны» әнімен аяқталды.
2021 жыл - Қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына - 90 жыл толуына орай «Өлеңмен өрілген өмір» атты онлайн байқауға белсене қатысып, поэтикалық ой ұшқырлықты көркем оқуда өнерпаздық таныта білген Аманжол Мейіржан Алғыс хатпен марапатталды.
2021 жыл «Батырлар жыры – ұрпаққа мұра» жобасы аясында «Қорғаған ұлан- байтақ даласын, батырларым биік данасың» облыстық онлайн мәнерлеп оқу байқауына белсене қатысып өз өнерлерін көрсеткені үшін, 4 сынып оқушылары Бержанова Айкөркем, Балтабай Жарқын, Нұрланов Алмасхан «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жыл 29 қыркүйек күні Қазақтың ұлы тұлғаларының бірі жазушы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор «Мұхтар Әуезов»125 жыл толуына орай «Кемеңгер жазушы» атты әдеби кеш өтті. Қазақ өркениетінің шыңына айналған Абайды әлемге танытқан, кемеңгер жазушы, қазақтың біртуар перзенті. Әдеби кеште Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметімен қатар шығармашылығынан мол мағлұмат беріліп, бейнефильм көрсетілді. Жас оқырмандар Әуезов шығармаларынан үзінді оқыса, Қайрат жұмағалиевтің «Даладай дархан данасың» атты жазушыға арналған өлең жолдарын Қайыржан Айару мәнерлеп оқыды.
2022 жылы Көрнекті ақын, сыншы, аудармашы Сағынғали Сейітовтің шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген республикалық аймақтық «Талант парасаты: екі ғасырмен егіз өрілген тағдыр» байқауының «Мұраңызды ұрпақ жыр еткен» мәнерлеп оқу бағыты бойынша Көнеккеткен ауылдық кітапханасының оқырманы Умирова Каусар ақынның «Орал» атты өлеңін мәнерлеп оқып «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жыл Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, аудармашы, танымал ақын Қайрат Жұмағалиевтың 85 жылдығына арналған облыстық «Қайрат оқулары» акциясына қатысушы Утешова Гүлсім Амангелдіқызы, Бержанова Айкөркем, Нұрланов Алмасхан «Диплом» марапатталды.
2023 жыл 5 мамыр – Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Кітап –достық көпірі» ұлттар әдебиетін насихаттауда облыстық байқау «Армян әдебиетіндегі менің сүйікті жазушым» бөлімі бойынша Сильва Капутикян шығармаларын оқып, оқырман, 6 сынып оқушысы Ибрайым Жанерке қатысып жүлделі II- ші орынға ие болды.
2023 жыл «Қадыр - қазына» жобасының «Ой орманы» бағыты бойынша облыстық сурет көрмесіне қатысқан, кітапханалық шараларға белсене қатысушы О.Исаев атындағы ЖОББМ-нің 5 сынып оқушысы Сағынғали Кәусар Кенжебайқызы ақынның «Аралым» атты өлеңі бойынша сурет салып арнайы жүлде алды.