Қадырқұл ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан.
Жалпы көлемі - 25 кв.м .
Қадырқұл ауылдық кітапханасының негізі Базартөбе қаракөл совхозы 1966 жылы «Орал» (Қарауылтөбе) совхозынан бөлініп шыққан кезде қаланған. Қадырқұл ауылы Базартөбе совхозының № 3 фермасы болып саналды. Ауыл Жайық өзенінің сол жақ жағалауында, Ақжайық ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан.Аудан орталығынан 130 шақырым қашықтықта. Қадырқұл ауылдық бөлімшесі құрылған жылдардан- ақ ауылда бастауыш мектеп , медпункт, кітапхана жұмыс жасай бастады. Алғашында кітапханада 200-500 дана аралығында ғана кітаптар болды. Алғашқы жылдары Роза Отарова кітапханашы болып қызмет жасады. Ол жылдары жаңадан құрылған шаруашылықта техника аз, алыс малшы ауылдарға қатынас қиын болғандықтан Роза апай жылжымалы кітап көрме ұйымдастырып шопандарға газет-журналдар апарып соңғы жаңалықтармен таныстырып тұрды. Ол кезері қолдан қолға түспей оқитын көркем әдебиеттер С.Мұқанов, Ғ.Смаилов, Ғ.Мұстафин, Ғ. Мүсірепов шығармаларын алып, кітаптың аздығынан оларды кезекке қойып оқыту кітапханашының қызықты жұмыстарының бірі. Ауылда тұратын жастар білімі ,жасы, мамандығы жағынан біркелке емес . Олардың ішінде малшыда , мектеп оқушысы да, егінші де, механизатор да бар.Осы жағдайды ескере отырып, кітапханашы жастарды бірнеше топқа бөліп, жүргізілетін жұмыс түрін белгілеп отырды. Айталық: Жас колхозшыларды, озат тәжірибе иелерімен таныстырып, үлгі алуға соларға теңелуге шақырсақ ,екінші жағынан жастардың зейінін оқуға, білімге аударып отырды. Бертін келе ауылдық кітапханасының кітап қоры молая бастады. Газет-журналдар келе бастағанда ауыл тұрғындары баспасөз материалдарымен кітапханада отырып танысуды әдетке айналдыра бастады.
1970-75 жылдары кітапханашы болып Ташанова Шолпан қызмет жасады. Ол Ақтөбе мәдени-ағарту училищесіннің кітапхана бөлімін бітірген маман болатын. Қызмет барысында Шолпан мал азығын дайындайтын трактор – егіс бригадаларын аралап, олардың сұраныстарын қанағаттандыруда аудан бойынша қызмет атқаратын КАА (межбиблиотечный абонимент) қызмет түрін қолданды.
1975-80 жылдары бұл жұмысты Назым Қасымова жалғастырды.
Ол да бөлімшенің тұрғындарын рухани қызметпен қамтуда біраз еңбектенді. Ауылдың «Елтай», «Көшербай», «Сексен-1», «Сексен-2», «Тоқсанбай», «Қарамола», «Бекет», Жыра, «Терекбай», «Жаманкөл», «Құдияр», «Лабақ» секілді нүктелеріне көркем әдебиеттер жеткізіп тұрды. Сонымен қатар еліміздің саяси ахуалынан ауыл тұрғындарына жеткізуде ілгері істер атқарды.
1990-1997 жылдары Қадырқұл ауылдық кітапханасында Орал мәдени – ағарту училищесін бітірген маман – кітапханашы Нұргүл Көпжасарова қызмет атқарды. Оның жұмысы өтпелі кезеңнің қиындықтарымен тұспа-тұс келсе де, бар жастық жігерін, білімін өз мамандығымен ұштастырып жұмыс жасай білді. Бұл жылдары бастауыш мектептен негізгі мектепке айналған ауылдағы білім ордасымен тығыз байланыс жасай отырып, әртүрлі оқырмандар жиынын, дөңгелек үстел, тақырыптық кештер өткізіп тұратын еді.Еліміз егемендік алып, Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған жылдардан бастап ауыл кітапханаларының жұмыс реңі де өзгергені белгілі. Өткен жолымыз ескерілмей, тарихымыз түзілмей, тек орталықтың мүддесін көздеген солақай саясаттың салқыны тиген рухани әлем енді ұлттық мүддеге қызмет ете бастады деуге негіз бар.Осы бағытында кітапханашы Нүргүл бар күш жігерін салып , ауыл жастарының рухани әлемінен ажырамауына өзіндік үлесін қосты.
1998-2006 жылдары кітапханашы болып «Қазақстан ақын-жыршылар Одағының» мүшесі, ақын Сағынтай Бисенғалиев қызмет жасады. Ол Қадырқұл ауылындағы негізгі мектеп оқушыларын кітапханаға тартып, шығармашыл балғындарға бағыт бағдар берді. Ұлттық мерекелердің ауыл кітапханасында аталып өтуіне мұрындық болды. Жалпы, мәдени-көпшілік шаралардың кітапханамен байланыса өтуі ауыл тұрғындарының кітапқа деген құмарлығына қайта қозғау салғандай болған еді. Жоқтан бар жасауға талпынып, рухани ошақ- кітапханамыздың өткен жолына үңілуіміздің, қолда бар деректерге сүйеніп шежіре түзуге тырысуымыздың өзі Егемен еліміздің, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Мәдени мұраға» сергек қарауының баянды нәтижесі деп қарауымыз қажет. Осы бағытында Сағынтай ағай Облыстық кітапхананың ұйымдастырған «Туған өлке тұнған шежіре» ауыл энциклопедиясын шығаруда да өзіндік үлесі ерекше .
2006 жылдан кітапханашы болып Республикалық ІҮ Абай оқуларының жүлдегері талапкер ақын Айнабек Бисенғалиев жұмысқа кірісті. Айнабек те өзінің талантын кітапхана ісімен ұштай отырып , ауыл тұрғындарына, оқырмандарға рухани білім нәрін себуде зор жұмыстар атқарып келеді. Мыс: аудандық кітапханада ұйымдастырылған «МУЗА» шығармашыл оқырмандар отауының бел ортасында ел ішінде елеусіз , көріне алмай жүрген шығармашылдықпен айналасатын ауылдағы жас оқырмандарды тауып олардың шығармашылдық жолына жол ашып, ауданда өткізіліп жатқан шараларға қатыстыруы.
2007 жылы Республикалық «Бір ел бір кітап» акциясына орай Абайдың «Қара сөзін» насихаттау барысында аудандық кітапханада өткізілген «Қара сөздер қайнары ұлағаттың» байқауына оқырмандарын қатынастырды. (суретте)