Жантемір ауылдық кітапханасы

Жантемір ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан. Жалпы көлемі – 25 кв.м

 

 

 

 

Жантемір ауыл кітапханасының шежіресі 1955-1956 жылдары «Қызыл отау» деп басталады . Кітап коры  үш жүзге астам болған, кітапхана қызметін Құмаров Карл кітапханашы болып бастап, тарихи-революциялық және әскери- патриоттық әдебиеттерді насихаттап түрлі жұмыс жасап отырды  мас: «Бейбітшілік және еңбек сақшысы», «В.И.Ленин – Октябірдің көсемі», «Жеңімпаз Ленин идеясы мәңгі жасайды» тақырыптық кештерді өткізуді көп қолданып жүрді. Оқырмандарға  партия, сьезд материалдарын насихаттап, ауыл тұрғындарының, малшылардың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырған.

1975 жылы Абишева Алтынай  кітапхана қызметін әрі қарай жалғастырды.  Ауылда  жылжымалы кітапхана ұйымдастырып (суретте) шапандарға, малшыларға, егіншілерге кітап насихаттап, шолу өткізіп, соңғы жаналықтармен таныстырып отырды. В.И.Ленинның шығармаларын және ол туралы әдебиеттерді насихаттап, сонымен қатар «Болашақ жауынгерлер» көрме ұйымдастырып, «Ең күшті адам» деген плакаттар кітапханада орналастырды. Алтын апай жасақтаған әр плакатын, кітап көрмесін, ұсынылатын әдебиеттер тізімін үнемі оқырмандарға көрсетіп, оқушыларға, ауыл тұрғындарына таныстырып отырды. Жастардың социалистік Отанына, Коммунистік партияға деген сүйіспеншілігін арттыру, пролетарлық интернационализм және халықтар достығы рухани тәрбиелеу жұмыстарын жақсартып, сол кездің саясаты негізінде атеизм бағытындаәбебиеттерді көбірек насихаттап, Алтын апай ауыл тұрғындар, оқушылар, жасөспірімдер және діннен бас тартқан адамдардың қатынасуымен  түрлі тақырыпта сұрақ жауап кештерін өткізіп отырды.

1990-шы  жылдары жабылып қалды.

Қазақстан Республика Президентінің – «2000 жылда Мәдениетті қолдау жылы деп атау  туралы» Жарлығына орай аудан халқына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту , рухани қажетін өтеу  мақсатында:  «ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдар» Заңының 46 бабын басшылыққа алып,  ауыл турғындарының сүрауы бойынша Ақжайық ауданы әкімі А.Б.Сәтбаевтың 2000 жылдың 13 қыркүйегінде № 174 шешімімен Жантемір ауылдық кітапханасы ашылды. Бүгінгі таңда кітапхана мектеппен бірге  орналасқан. 4150 кітап қоры бар. Оқырмандар саны 203.

2004 жылдан бері Жантемір ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметін Сағынғалиева Мәншүк атқарады. Кітапхана білімі болмаса да, кітапханалық жұмысын тез игеріп кетті. Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын насихаттауда оқырмандар арасында, «Болашағымыз жарқын» атты диспут, «Ата дәстүрі алтын қазынам» жасөспірім арасында пікір алмасу ұйымдастырып өткізді. Мәншүк кітапханада әсіресе өлкетану,экология, табиғат тақырыптарына көп көңіл бөліп, тарихи және мәдени мұраларды сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында «Өз өлкеңді білесің бе?» білгірлер сайысын, «Жері байдың елі бай» атты буклет жасақтап  ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының үкметінің бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын насихаттау барысында «Салауаттылық - өмір айнасы» кітап көрмесін жасақтап, жастар арасында  түрлі тақырыпта «Табиғат тағдырым», «Нашақор – қоғам жауы» атты тақырыптық кештер өткізіп  ауыл, аудан өміріндегі жұмыстарға белсене қатынасып отырады. Бүгінде Жантемір ауыл кітапханасының қоры 4150 данаға дейін толығып отыр

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00