Тоған ауыл кітапханасы

Тоған ауылдық кітапханасы мектеп ғимаратының 5 кв.м көлеміне орналасқан.

Тоған ауылы - 1972 жылы құрылып,  алғашқы атауы – Гидроузел болса керек. Киров су қоймасы орналасқан, бұрынғы совхоздың  етті мал бордақылау бөлімшесі.

Кейіннен Гидроузел атауы алынып, ауыл “Тоған” деп аталды.

2000 жылы - Мәдениетті қолдау жылына орай кітапхана ашылды. Кітапхана Тоған бастауыш мектебінің ғимаратымен бірге орналасқан. Кітапхананың ашылу салтанатына сол жылдары Ақжайық аудан әкімі Ә.Б. Сәтбаев жеке кітапханасынан қолтаңба қалдырып 50 дана кітап сыйға тартты, сонымен қатар, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Мәдениет жылы аясында өткізілген «Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясынан  жинақталған әдебиеттер беріліп түрлі саладағы 2320 дана әдебиеттен кітап қоры жинақталды. Кітапхана ашылғанынан бастап Төрешева Әлия кітапханашы қызметін атқарып келеді. Кітапхана оқырмандарына  Еліміздегі болып жатырған жаңалықтарды жеткізуде, Елбасының Жолдауларын насихаттау Заман талабына сай жасөспірімдерді кітап сүйюге, жан-жақты білімді болуға тәрбиелейтін түрлі тақырыпта шаралар ұйымдастырып, жылжымалы кітапхана ашып, ауыл тұрғындарының алдында кітап көрмелер ұйымдастырып, мерзімді басылымдар бетіндегі жаңалықтармен таныстыруды әр дайым ұйымдастырып өткізіп отырады.

Аудандық мәдениет бөлімінің 3 наурыз 2003 жылғы №16 бұйрығы негізінде ауыл атаулары өзгеруге байланысты  Гидроузель ауылдық кітапханасы Тоған ауылдық кітапханасы болып өзгертілді.

2009  жылы желтоқсан айында мектептің ғимаратынан бөлек орналасқан кітапханаға көшірілді.

2018 жылы Тоған ауылдық кітапханасында Батырғалиева Харниса кітапханашы қызметіне тағайындалып қазіргі таңда жұмыс жасап  келеді. 

2021 жылы облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Әнім де, жырымда сен Астана!» тақырыбы бойынша мәнерлеп оқуға белсене қатысқаны үшін Тоған ауылдық кітапханасының оқырманы Хамидолла Айкөркем, Асқарова Жанерке қатысып,  Э.Аманғалиевадан «Алғыс хат» марапатталды.

2021 жылы еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің Тәуелсіз елім, балалар көзімен» тақырыбы бойынша шығармашылық байқауда эссе жазып кітапхананың оқырманы Нұрмантай Гүлжауһар жүлделі ІІІ орынға ие болып, «Диплом» марапатталды.

2022 жылы Тоған ауылдық кітапханасына «Жайықтың жайсаң ақыны» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Осы шараның өтуіне арнайы ықпал еткен ақын, жазушы, бірнеше кітаптың авторы Айтқали Нәріковпен кездесіп сыр-сұхбат өрбітті. «Жайықтың жайсаң ақыны» тақырыбымен кітап көрмесі жасақталды. Кітапханада өткізілген «Жайықтың жайсаң ақыны» тақырыбындағы ауқымды шарасы аудандық «Жайық таңы» газетінің №27 санында жарық көріп, 2022 жылы қыркүйек айында жарияланды.

2023 жылы  Мәдениет және өнер қызметкерлерінің  мерекесіне орай Тоған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Х.Батырғалиева  ОКЖ - ның директоры  Р.С.Мусағалиеваның  «Алғыс хат»  марапатталды.

 

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00