Ақсуат ауыл кітапханасы

Аудан орталығы – Чапаев ауылынан  оңтүстікке қарай 71 км жерде, Жайықтың оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 0,9 мың адам (1999) 1994 жылға дейін Батурин селосы деп аталып келген. Іргесі 1965 жылы П.С.Батурин атындағы қаракөл қой кеңшарының құрылуына байланысты қаланды.  Ақсуатта және окрукке қарасты Каленный, Қосауыз  ауылдарында орталау  мектептер, мәдениет үйі, 2 кітапхана,  дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік пункт бар.

               

  Ақсуат ауыл кітапханасы

  

Ақсуат ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының  54 кв.м көлеміне орналасқан.

 

 1968 жылы Батурин селолық советінде қарасты  (қазіргі Ақсуат) екі кітапхана Батурин,Каленный  ауылдық кітапханасы ашылды. 1970 жылдары Батурин ауыл кітапханасы  ауыл ішіндегі  кішкентай ғана клуб жанындағы бөлмеде болды. (суретте)Батурин ауыл кітапханасы ашылған кезде ауыл түрғындарының көмегімен және  кітапханалардан дублетті әдебиеттер бөлініп,  5000-дай  кітапхана қоры болды. Алғашқы кітапханашы М.Қуанышқалиева  ауыл тұрғындарын рухани біліммен сусындатып, әр түрлі тақырыптарда шаралар ұйымдастырып, сонымен қатар, кітапхана ісіндегі жаңалықтардың  басында жүргені мәлім. Осы апайдың бастауымен Батурин ауылдық кітапханасында жүйелі, әріпнамалық каталог 1973 жылы құрыла бастады. Осы жылдарда  «Жастар арасындағы идеялық тәрбие жұмыстарының жайы және оны жақсарту шаралары туралы»  бағытта кітапханалардың негізгі жұмысы еңбектегі ерліктер жайлы жазылған әдебиеттерді насихаттауды  кітапханашылар өз қолдарына алып,  коммунистік тәрбие берудегі мәселені  бірінші орынға қоя білді.

 

1970-1980 жылдары қызмет атқарған кітапханашылар еліміздегі  жаңалықтарды, КПСС сьездерін насихаттаумен қатар, қазақ совет әдебиеттерінің  негізін салушылар С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» кітабы бойынша оқырмандар конференциясын өткізді. Оған атап : «Сәкен Сейфуллин - қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушы» - деген плакат  ұйымдастырылды. Ғ.Мустафиннің «Дауылдан кейін»,  Б.Майлин, І.Жансүгіровтардың да әдебиеттерін насихаттап, көпшілік шаралардың түрлерін  ұйымдастырды. Осы бағытта  кітапханашылар Р.Хамзина,Т.Мустафина кітапхана ісіне өз үлестерін  қосты.

1970 жылдары Үкімет қаулысына орай елді мекендердің ерекше климат,  географиясына байланысты Батурин совхозы  кукуруза егу шаруашылығына бейімделді. Соған байланысты осы кезде кітапханашы болған Ұ.Какимова  диқаншылардың егін алқабына жаңа газет, журналдармен қамтамасыз етіп «Боевой лист» және «Молния» жар газеттерін, соц. міндеттемелерін әзірлеп,  егіншілерге әрдайым жылжымалы  кітапхана  ұйымдастырып,  ауылдың көркеуіне,  шаруада жүрген адамдардың демалуына өз үлестерін  осылайша  қосты.

 

1989 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Джалелова Роза  Ақсуат ауыл кітапханасының кітапханашы міндетін атқарып  келеді. Ауыл тұрғындарының, әріптестерінің арасында өз мамандығын жоғары  дәрежеде  көрсетіп отырған маман.

 

 

 

 

 

 

Ақсуат ауыл кітапханасы жыл сайын 900 ден астам оқырманға қызмет көрсетеді. Кітапхана қорында 20 мыңнан астам дана, кітап берілімі 13 мыңдай.Кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетіп, библиографиялық,   анықтамалық ақпараттық жұмысын жүргізіп,  кітап көрмелерін, мәдени көпшілік шараларын өткізеді.

2004 жылы Аудандық кітапхана мен мәдениет бөлімінің бірлесуімен Ақсуатта Қазақстан жазушысы Сәбит Досановпен (суретте)                     ) кездесу кешін, 2004 жылы жергілікті ақын Рақышева Гүлия Жоламанқызының алғашқы «Жан жүрегім-жырларым» атты кітабының тұсаукесер кешін өткізді.

Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруда мерзімді басылымдардың ролі ерекше. Ақсуат ауыл кітапханасы 10-15 атаулы мерзімдік басылымдар алуда.   Жастардың рухани, мәдени және білімін көтеру бағытындағы жұмыс ауыл кітапханаларында кеңінен жүргізілуде.  Жасөспірімдерге кітапханалық сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, жастар ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер арасында байланысты нығайтуға бағытталуда.

 Ақсуат ауылдық кітапханасындағы оқырмандардың  20%  жастар мен жасөспірімдер құрайды.

 

 

 

Кітапханашы  салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсене атсалысады, сондай-ақ жастар арасында нашақорлықтың, СПИД-тің, шылым шегу мен арақтың зияны туралы түрлі шаралар өткізеді.

Кітапханада  оқырман балалар 200 болса, оған 5000 дана кітап берілімі қамтамасыз етіледі . Жыл сайын оқырман саны мен оларға берілетін әдебиеттердің берілімі өсіп отыр, осыған орай барлық жұмыс негізі оқырмандардың қызығушылығы мен әдебиетке деген сұранысы зерттеліп отырылады.  Оқырман-балалардың ақпараттық, мәдени және білімділік сұранысын қанағаттандыру, шығармашылығын дамыту бағытында «Самғау» клубы жұмыс істейді .   

 

 

 «Самғау» клубы 2003 жылы Ақсуат  ауылдық кітапханасында құрылды. Клубтың «Жарғысы», «Қағидасы» өз рәмізі  бар. Клуб ұраны «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ». Клуб алдына төмендегідей мақсаттар  қояды:

 

-  балалардың мәдени демалуын үйымдастыру;

- жасөспірімдерді клубқа тарта отырып,  ел ішінде елеусіз, көріне алмай

   жүрген шығармашылықпен  айналысатын жас оқырмандарды тауып,

  шығармашылықтарына жол ашып,  жария болуына жағдай жасау;

-поэзияға деген сүйіспеншілік  жүректен шыққан сөзді мәнерлеп   жеткізе білу;

  • халықтық жырау, жыршы , ақын

      поэзиясын құрметтеу,сақтау, 

     ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу;

  • өз-өзін тәрбиелеу, өз бетімен білім алу;
  • «Самғау» клубы аясында кітапханада мәдени шаралар өткізіліп отырады. Айына екі рет кітапханада клуб мүшелерімен отырыс өтеді, онда болашаққа жоспар жасалынып, өткен шаралар туралы пікір алмасады. Клуб мүшелері арасында поэзия минуттарын өткізу «Жас қалам» жар үнқағазын шығару дәстүрге айналған.

 

Ақжол ауыл округіндегі кітапханалардың 1985-2007 жылдар аралығындағы оқырмандар, кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері.

 

Ақжол ауыл округіндегі кітапханалардың  2004-2008 жылдар аралығындағы мерзімді басылым көрсеткіштері.

 

2014 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі Мусагалиева Бахтыганым қызмет атқаруда.
2016 жылы Жұбан туған топырақтың түлегі, «Муза» шығармашыл оқырмандар отауының жетекшісі, ақын Сағынтай Бисенғалиев Орынғалиұлымен кездесу кеші өтті.
2017 жылы жерлес ақын Гүлия Рақышеваның «Нұр сыйлаған, гүл көктем» атты жаңа жыр жинағының ашылу кеші өткізілді.

  

 

2021 жылы 5 наурызда ҚР- ның Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, ҚР -ның Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы» ақын Ақұштап Бақтыгереевамен адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда одан әрі дамытуға арналған «Парасат жолы» жобасы аясында «Ақынның аңсағаны -арлы қоғам» атты кездесу кеші оздырылды. Шараға аудандық маслихат хатшысы С.Сиражев, аудан әкімінің орынбасары Т.А.Габдушев, қоғам қайраткері, энергетика саласының ардагері, күйші (ақынның жолдасы) Ғабдрахим Миралұлы, Атырау облыстық спорты федерациясының төрағасы, күйші домбырашы Өнербек Жанбала және ауыл тұрғындары, оқырмандардың қатысуымен өткен кеште сөз алған ақын ұлттық тәрбие, салт -дәстүрді құрметтеу, елдің бірлігін сақтау, ананы құрметтеу, қыз бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісті. Кездесуде ақын өлеңдері оқылып, әндер шырқалды.

2021 жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуын қолдау жылы аясында «Кітап оқып, сыйлық ұтып ал» аудандық байқауға 6 сынып оқушылары Тельман Малика, Кенжемұрат Әдемі қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Ержан Інжу бас жүлде (велосипед) ұтып алды.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Менің жетістіктерім» атты челенджіге кітапхананың жас оқырманы, 1 сынып оқушысы Ержан Інжу қатысты.

 

 

2021 жылы Хамза Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» облыстық акция аясында кітапхананың жас оқырмандары Ержан Інжу, Орынбасар Жансаялар қатысып алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

 

 2022 жылы Хамза Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Қадыр Мырзалиевты оқимыз» облыстық акциясына қатысқан кітапхананың тұрақты оқырмандары Мұқсин Жаннұр, Серік Аружан, Орынбасар Жансая және кітапханашы Мусагалиева Бахтыганым Джулдыгалиевна алғыс хаттармен марапатталды.

 

  

2023 жылы «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» аясында Социалистік Еңбек Ері Сұлтан Ошановтың 125 жылдығына орай «Ел тағдырын еңкеймей көтерген ер» атты шара кеңінен аталып өтті. Шараға атаның немересі Сұлтанова Балзира Есекешқызы қатысып, немересі Ошанов Бекболат ата рухына арнаған арнауын жиеншары Борис Гулшат оқыды.

 

 

2023 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кеште аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Ләззәт Мұратқызы ауылда өндіріс орындарын ашуды қолға алғандығы, соның ішінде наубайхана жұмысын жандандырып, нан өнімдері, ет өнімдер (манты,тұшпара т.б) жасауды, сонымен қатар жүннен өндірілетін бұйымдарды қолға алғандығы, кәсіпкер Қарлыға Қашатқызы жүн өнімдерін өндіріп, көрпе жасауды дамытуға қыз-келіншектерді жұмысқа тартуды, басқа да қожалық жетекшілерімен кәсіпкерлер осы орайда өз ойларын ортаға салған «Туған жерім-құтты мекенім» атты шара оздырылды.
2023 жылы аудандық жыл қорытындысы бойынша кітапхананың тұрақты оқырманы Гүлнар Мәулетқызы Үздік оқырман–2023 «қанатты қалам» - номинациясы бойынша марапатталды. Кітапханалық шараларға белсене қатысушы, үнемі ізденіс үстінде жүретін оқырман Молдағалиева Гүлнар Мәулетқызы кітап оқығанды жақсы көреді. Кей уақыттарда қаламына тіл бітіріп, өлең де шығарады. Облыстық, аудандық бірнеше байқауларға қатысып, соның ішінде С.Сейітовке арналған «Талант парасаты: екі ғасырмен егіз өрілген тағдыр» атты аудандық байқау, Хамза Есенжановтың шығармаларын насихаттау мақсатында отбасылық байқау, Ж.Молдағалиевтың туған күніне орай «Жұбан жырлары-жүрегімде» атты республикалық аймақтық байқауға қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00