Битілеу ауылдық кітапханасы

Битілеу ауылдық кітапханасы мектеп ғимаратының 26 кв.м көлеміне орналасқан

Жайық өзенінің жағалауымен  күнгей бағытта жылжи қоныстанып, кейін берік және біржола биіктеп алған  алғашқы ресейліктер қырдағы халықпен алдын-ала келісімсіз өтуге рұқсат етілмейтін шекара, тосқауыл бекеті іспеттес аражігін  (Кардон) белгілейді. Қазіргі Битілеу ауылының іргесі о баста осы мақсатта қаланып Кардон атаныпты. Ілбішін  ауылынан 35 км жерде Битілеу  әулиенің бейті болған. Жергілікті халық  әулие бейтін қастерлеп, келушілерге арнап басына шағын үй салдырған міне сондықтан да осы жерді жаңа атау бойынша әулиенің құрметіне Битілеу атаған.

1974-1976 жылдары Мәдениет үй жанынан автоклуб меңгерушілеріне жүктелген  тұрғын халыққа рухани  нәр беруде, елдегі сауатсыздықты болдырмау бағытында «Қызыл бұрыш» жұмыс істеді бұнда кітапханашы қызметін Ахметжанова Қалампыр атқарды.

1976-1980 жылдар арасында Мүтиева Нуржамал Майрамбайқызы кітапханашы  болып жұмыс істеді .Бұл кездегі жұмыс түрі шалғай нүктелерге кино көрсетіп, мерзімді басылымдар беттеріндегі  жаңалықтармен таныстырып, оқуға көркем әдебиеттерді таратып отырды.  1980 жылдың 1 қыркүйегінде халық шаруашылық жоспарына сай Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне Кардон ауылдық  филиалы болып ашылды. Кітап корына  Бударин аудандық кітапхана қорынан  жинақталған дублетті 2000 дана кітаптар берілді. Кітапханашы  болып Елекенова С. жұмысқа кірісті.  Алыстағы малшыларға, егіншілерге агитбригадалар шығып түрлі үгіт- насихат жұмыстарын жүргізіп отырды. 1990 жылдан бастап   4200 кітап қорымен  Битілеу ауылының кітапханасында  кітапханашы болып Жубаева Б  жұмыс істеуде.  Кітапханада « Ертегілер елінде», «Мерей той иелері», «Ана тілім армысың» атты көрмелер жасақталған . Кітапхана мектеппен бірігіп көптеген шаралар өткізіп тұрады . Кітапханада 200 оқырман, соның ішінде 60 балалар.Жубаева Б – Оралда Дәулеткерей атындағы университетінің кітапхана бөлімін сырттай оқып жатыр.

 

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00