Қырықбаев Ират Жайықбайұлы - спортшы, жаттықтырушы.1954 жылы 28 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келді. Ол 1961 жылы Кожехаров 8 жылдық мектеп қабырғасындағы 1 сыныпқа қабылданып, кейін білімін Чапаев қазақ мектебінде, Первомай мектеп - интернатында жалғастырды. Мектеп бітірген соң 1971 - 1972 жылдары "Родник Новый" ұжымшарында колхозшы болып, 1972-1974 жылдары Кеңес Армиясы қатарында өз борышын өтеді. Сол әскери борышын өтеу кезінде классикалық және еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындаған. Әскер қатарынан оралған соң И. Қырықбаев 1974-1982 жылдар аралығында Кожехаров мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және тәрбиеші қызметтерін атқарды. Одан кейінгі жылдары Чапаев балалар және жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде аға жаттықтырушы, еркін күрестен бапкер қызметтерін абыроймен атқарды. Жалпы бапкер ретінде И.Қырықбаев Жаңабұлақ ауылының көптеген жастарын еркін күреске баулып, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары атануына мүмкіндік жасады. Олардың қатарында Жұбанов Ринат, Жұмағалиев Нұрбол мен Аралбек, Қошқарбаев Нұрбол, Қанат Айбар, Сабиров Наурызбек, Сабиров Жансерік, Стармаусов Никита және өзге де жас палуандар тәрбиеледі.
Кырыкбаев Ират Жайыкбаевич - спортсмен, тренер. Родился 28 января 1954 года в г. Караганде. В 1961 году Кожехаров был принят в 1 класс в стенах 8-летней школы, затем продолжил образование в Чапаевской казахской школе, Первомайской школе-интернате. После окончания школы в 1971-1972 годах работал колхозником в колхозе" Родник Новый", в 1972-1974 годах служил в рядах Советской Армии. При исполнении воинского долга выполнил норматив кандидата в мастера спорта по классической и вольной борьбе. После возвращения из армии 1974 по 1982 годы работал учителем физической культуры и воспитателем Кожехаровской школы. В последующие годы работал старшим тренером, по вольной борьбе в Чапаевской детско-юношеской спортивной школе. В качестве общего тренера И. Кырыкбаев привил много молодежи села Жанабулак к вольной борьбе и стал победителем соревнований районного, областного, республиканского уровней. В их числе Жубанов Ринат, Жумагалиев Нурбол и Аралбек, Кошкарбаев Нурбол, Канат Айбар, Сабиров Наурызбек, Сабиров Жансерик, Стармаусов Никита и другие юные борцы
Kyrykbaev Irat Zhaiykbaevich - athlete, coach. Was born on January 28, 1954 in the city of Karaganda. In 1961, Kozhekharov was admitted to grade 1 within the walls of an 8-year school, then continued his education at the Chapaevsk Kazakh school, the May Day boarding school. After graduating from school in 1971-1972 he worked as a collective farmer in the collective farm "New Spring", in 1972-1974 he served in the ranks of the Soviet Army. While fulfilling the same military duty, he fulfilled the standard of a candidate for master of sports in classical and freestyle wrestling. After returning from the army From 1974 to 1982 he worked as a physical education teacher and educator at the Kozhekharovsk school. In subsequent years, he worked as a senior coach, freestyle wrestling coach at the Chapaevskaya children and youth sports school. As a general trainer, I. Kyrykbaev instilled a lot of young people from the village of Zhanabulak in freestyle wrestling and became the winner of competitions at the regional, regional, republican levels. Among them are Zhubanov Rinat, Zhumagaliev Nurbol and Aralbek, Koshkarbaev Nurbol, Kanat Aybar, Sabirov Nauryzbek, Sabirov Zhanserik, Starmausov Nikita and other young wrestlers.