«Кітапхана ісінің үздігі» Тлекеева Светлана Калелқызы
1958 жылы 16 қыркүйекте Тайпақ ауданы Калмыков селосында дүниеге келген.
Өзінің біліктілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, ізденгіштігімен ерекшеленген маман 1984 жылдың қараша айында Тайпақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметіне тағайындалып, 1997 жылы Тайпақ ауданы тарағанша директор қызметін атқарды.
Қазіргі кезде Тайпақ ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқаруда. 2001 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2014 жылы облыстық мәдениет басқармасының Құрмет Грамотасымен, 2017 жылы «Кітапхана ісінің үздігі» медалімен марапатталды.