Бисенгалиев Сағынтай Орынғалиұлы

«Қадыр Мырза Әлі» медалінің иегері Бисенгалиев Сағынтай Орынғалиұлы

 

1957 жылы 23 сәуірде Базартөбе ауылында (бұрынғы Тайпақ ауданы) дүниеге келген.

 

1998 жылдан кітапхана саласында жұмыс жасайды. Кітапханадағы шығармашыл оқырмандардың «Муза» отауында жас дарындардың елге танылуына қызмет етіп келеді.

 

1991 жылы Қазақстан ақын-жыршылар одағының мүшесі, 2016 жылы «Қадыр Мырза Әлі» медалінің иегері. Ақынның шығармашылығы республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат көздерінде көрініс тауып жүр. Ауылда, қарапайым еңбек адамдарының арасында тұратын ақынның бұған дейін «Кешігіп келген көктем» (2000), «Жадырап жеткен жаз» (2010), «Күрең күз» (2017) атты жыр жинақтары жарық көрді.

Director's blog

Musagalieva Roza Sakenovna

Go to blog

Banners

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Driving directions

West Kazakhstan region, Akzhaik district, Chapaevo village, Kunaev street, house 73
Mon-Fri 09:00-18:00