«Мәдениет саласының үздігі» Мусагалиева Роза Сәкенқызы
1966 Чапаев (Ақжайық) ауданы, Бударин ауылында дүниеге келген. 1983-2006жж. - аудандық кітапхананың абонемент бөлімінде кітапханашы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, 2006 жылғы 10 ақпаннан бастап Ақжайық аудандық ОКЖ-нің директоры қызметін атқаруда.
«Жаныңда жүр жақсы адам», «Ауыл азаматымен көрікті», тағы басқа мәдени шаралардың ұйтқысы болып жүрген Роза Сакенқызы ауыл тұрғындарының өскелең талабын және оқырман сұранысын кеңірек қамту бағытында заман талабына сай интернет, өлкетану, мерзімді басылымдар, кітапхана ісін автоматтандыру, кітапхана мұражайы, модельді кітапханалардың ашылуы, сондай-ақ ауылдық жерде кітапхана ісін автоматтандырылған жаңаша үрдістерді енгізу жолында еңбегі ұшан теңіз. Осы қызметте жұмыс істеген жылдары ауданның әлеуметтік-мәдени өмірінің дамуына үлесін қосуда.
Осындай еңбектерімен елеңген білікті басшы 2011 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, 2014 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, 2015 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалімен, Ұлттық академиялық кітапханасының, облыстық мәдениет басқармасының, аудан әкімінің алғыс хатытарымен марапатталды.
>