ҚР «Мәдениет қайраткері» Сұлтанғалиев Таукен Тәшенұлы
1949 жылы 4 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданына қарасты Мерген селолық кеңесінде дүниеге келді. 1979 жылы бастап Мерген ауылдық кітапханасында еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Таукен Ташенұлы еңбекке құлшынысы мен іске деген шығармашылық ыңғайымен әрдайым ерекшеленеді.
Еңбектегі табыстары және кәсіби шеберлігі үшін көптеген марапаттарға ие болды.1989 жылы «КСРО-ның мәдениет саласының үздігі» белгісімен, 1990 жылы Қаз.ССР Мәдениет Министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2001 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» атағымен марапатталды.