«Кітап құмарлар» қоғамының төрайымы Сариева Назым Қажығалиқызы
1940 жылы 24 қаңтарда Есенсай ауылында дүниеге келген. 1959 жылы еңбек жолын кітапханашы қызметінен бастап, 1965 жылы Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің кітапханашы мамандығы бойынша бітірді.1992 жылы Есенсай ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметінен зейнеткерлікке шықты.
Назым Қажығалиқызы жергілікті советінің депутаттығына 2 рет ұсынылған, облыстық әйелдер І-ІІ съезіне 2 рет делегат болып қатысқан. Қызмет істеген жылдарында өз жұмысымен бірге қоғамдық өмірге де белсене араласып, «Әйелдер кеңесі», «Кітап құмарлар» қоғамының төрайымы атанды.