1953 жылы 19 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген ауылында дүниеге келген. 1960-1970 жылдары Қабыршақты ауылындағы мектеп-интернатта оқып, орта білім алғаннан. 1971 – 1975 жылдары Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетінің оқытушысы мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Мерген орта мектебінің мұғалімі (1975-1978ж), Ақжайық ауданының партия Комитетінде нұсқаушы, саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі (1986-1988ж), Ақжайық ауданының «Еңбек-Труд» газетінің редакторы (1988-1994ж), Ақжайық аудандық білім бөлімінің меңгерушісі (1994 - 2002ж), Ақжайық ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы - еңбек биржасының, мемлекеттік мұрағатының директоры қызметтерін жасаған. Мемлекеттік «Мәдени мұра», «Өлкетану» бағдарламалары және «Сокралды Қазақстан», «Тұлғатану», «Алаштану» тақырыптары бойынша, Ақжайық ауданына қатысты тарихи-энциклопедиялық кітаптарды (10-нан астам) мемлекеттік ресми тапсырыспен шығарды. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1984ж), «Қазақ ССР Халық Ағарту министірлігінің Құрмет грамотасы» (1981ж), Қазақ ССР Баспа ісі, Полиграфия және кітап саудасы комитетінің «Құрмет грамотасы» (1989ж), Қазақстан Республикасы Мұрағаттар және құжаттаманы басқару жөніндегі Комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.