1952 жылы 15 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Қурайлысай ауылында дүниеге келген. Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Харькин орталау мектебінде бастаған. 1978 - 1979 жылдары Краснояр ауылында интернат меңгерушісі, 1979 - 1981 жылдары Ақжайық аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі, 1980 - 1988 жылдары К. Маркс атындағы сегіз жылдық мектебінің директоры, 1988 жылы Ғ.Махамбетов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, осы мектептің директоры қызметтерін атқарған. 1996 жылы Алматыда республика мұғалімдерінің алдында «Шоқан суретші» тақырыбында әдістемелік сабақ өткізді. 1998 жылы ҚР білім беру ісінің озаты атағын иемденді. 1997 - 1998 жылдары ҚР оқу Министірлігінің Құрмет грамотасымен , облыстық, аудандық білім бөлімінің грамотасымен бірнеше мәрте марапатталған. «ҚР Журналистер одағының мүшесі». Облыстық мұғалімдер съезінің екі мәрте делегаты. Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы». 2007 жылы «Өлеңдер мен мақалалар» атты кітабы жарық көрді.