1957 жылы 23 сәуірде Батыс Қаақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Ақжайық ауданындағы Базартөбе орта мектебін бітіріп, әскер қатарынан келген соң ұзақ жыл механизатор болып жұмыс жасады. Өнер сахнасына 33 жасында шыққан айтыс ақыны. 1990 жылы аудандық ақындар айтысында 2-ші орынды иеленген. 1991 жылы Алматыдағы «Наурыз» айтысында Қазақстан ақын-жыршылар одағының мүшелік билетін иеленген. Ақын өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарияланып жүр. Бүкілодақтық халық шығармашылығының І-ІІ фестивалінің лауреаты атанды. Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан ақын-жазушылар одағының мүшесі, «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Қадыр Мырза Әлі», «Жұбан» медалдарының иегері, Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған, «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің иегері .«Кешігіп келген көктем» (2000), «Жадырап жеткен жаз» (2010), «Күрең күз» (2016) атты жыр жинақтары жарыққа шықты.