1963 жылы 12 ақпанда Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Тайпақ орта мектебін, 1985 жылы Орал пединститутын бітірген. 1985 – 2002 жылдары Тайпақ ауылында мұғалім, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, № 21 кәсіптік – техникалық училищеде оқу ісінің меңгерушісі, аудан әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, аудандық газет редакторы, Ақжайық ауданында аудан әкімдігінің бөлім меңгерушісі, Чапаев ауылы әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімі меңгерушісінің орынбасары, аудандық газет редакторының орынбасары, Абай атындағы мектеп-гимназияның тәрбие ісі жөнінде меңгерушісі қызметтерін атқарды. Аудандық кешкі мектепте директор, Казталов аудандық мәдениет үйінің директоры қызметтерін жасаған. 2001 жылы «Қос ғасырдағы бір ғұмыр», 2007 жылы «Айналайын», 2011 жылы «Жүрек сөзі», 2015 жылы «Әке есімі» атты жинақ кітаптары басылып шықты. Мақала, өлең – жырлары аудандық, облыстық және республикалық баспасөзде жиі жарияланып келеді. Аудан көлемінде жас ақындар айтысы, шешендік сайыстар, «Жас ақындар мен тілшілер» мектебін ұйымдастырып, жетекшілік жасады. Бірнеше өлеңдеріне ән жазылған. Облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталып, Ы. Алтынсарин Қ.Мырза Әлі медалдарының иегері атанған.