Хожина Замзагул Мажитқызы 1966 жылы 3 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қорда ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы. 1985-1988 жылдары Алматы қаласындағы Гидромелиративтік техникумында гидромелиорация факультетінде су инженері мамандығында оқыған. Көтерілістің қатысушысы ретінде ақталған. Қатысқанын растайтын дәлелдері бар:
-«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » ММ 14.11.2022 жылы берілген №2 «Жаппай қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» куәлігі.