Баймақова Шолпан Құмарғалиқызы

Баймақова Шолпан Құмарғалиқызы 14.10.1965 жылы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне  қатысушы.   

1985-1987 жылдары Алматы облысы,«Каскелең педагогикалық училищесінің, мектеп жасына дейінгі балабақша  тәрбиесі » мамандығы бойынша дәріс алды.                                         

1999 жылы «Мемлекеттік А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетіне» түсіп, 2002 жылы«Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінің «Педагогика және Бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша оқыған.

Қазір Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылында, «Бітік мектеп-бөбекжай кешені»КММ-де бастауыш пән мұғалімі міндетін атқарады.

1986 ж. 16-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісін қолдап, алаңдағы наразылық шеруіне қатысты. Қазіргі уақытта осы көтерілістің қатысушысы ретінде ақталған. Алматы облысы мәдениет Басқармасының « Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің берген  мұрағаттық анықтамасына сәйкес,1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысты Қаскелең педагогикалық училищесінің 05.01.1987 ж. №26 бұйрығымен Ш.Мурзагалиева (Ш.Баймакова) 17-18 желтоқсан күндері жаппай тәртіпсіздікке қатысу үшін ақталғаны анықталып «қатаң сөгіс» жарияланған.

1993 жылғы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын – сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабы негізінде, 14.10.1965 жылы туған, Шолпан Кумаровна Мурзагалиева (Баймакова) саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болып табылады анықтама қағазы бар. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген №1«Ақталған адамның куәлігі» бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы, Жарлығы бойынша Мурзагалиева Шолпан Кумаровна" Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" № 25298 медалімен наградталды.

Қазақстан Республикасы Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толуына орай «Желтоқсан Алматы» Қоғамдық бірлестік кеңесінің 31 қазан 2021 жылдың № 03 шешімімен "Тәуелсіздік ардагері"медалімен марапатталады.

Куәлік №280 БҚО "БАТЫС-ЖЕЛТОҚСАН" қоғамдық бірлестігінің 27.06.2022 берген "Желтоқсан көтерілісінің Ардагері куәлігі" сериясы БЖ № 0737;

 

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00