Таженова Эльмира Шаймардановна 1969 жылы 1 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылында дүниеге келді.
1976-1980 жылдар аралығында Базартөбе мектебінде 4 жылдық мектепте оқыды.
1980 жылы Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы № 11 мектеп пансионында оқып, 1986 жылы мектепті бітірді.
1986 жылы Алматы Шетел тілдер педагогикалық институтының ағылшын-неміс тілдері факультетіне оқуға түсіп, 1991 жылы оқуын тәмәмдады.
1991 жылдан бері Есенсай орта жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәнінен сабақ беріп келеді. Еңбек өтілі -32 жыл. Педагог-сарапшы. Отбасында бес баланы тәрбиелеп отыр.