Рамазанов Жасұлан Ғалымұлы 1966 жылы 27 ақпанда БҚО Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округіне қарасты Битілеу ауылында дүниеге келген. 1973 - 1983 жж 10 жылдық мектепті бітірген. 1983 жылы шілде айынан 1984 жылдың сәуір айына дейін Битілеу ауылында Механизатордың көмекшісі болып жұмыс атқарған. 1984 жылдың сәуір айында Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылып, 1986 жылы әскери қызметін абыроймен аяқтап, туған ауылына оралды. Осы кезеңде әскери қызмет барысында тәртіпке, жауапкершілікке және шыдамдылыққа үйреніп, Отанға деген сүйіспеншілігін одан әрі нығайта түсті.1986 жылдың мамыр айынан бастап ауданымыздағы байланыс торабыда жұмыс атқарды. 1990 жылы жұмыс бабы бойынша “Дөңгелек су қоймасының” байланыс торабына ауыстырылды. 1991 жылы кейін шақырылып, аудан байланыс торабында 1992 жылға дейін жұмыс істеп, 1993 жылы ауданымыздағы “Коммуналдық шаруашылық мекемесіне” бас электрик қызметін атқарды. 1994 жылы “ ПМК - 80Б” мекемесіне бас электрик қызметін атқарды. 2001 - 2002 жылдары “ СиСи Сайпем” компаниясында электрик, 2004 - 2014 жылдары “И. Тайманов атындағы НЖББ” мектебінде шаруашылық меңгерушісі, 2015 - 2016 жылдары мал дәрігерінің көмекшісі, 2017 жылы “Юнисерв” компаниясында қызмет атқарды. 2020 жылдан бастап Битілеу ауылында Су құбырының операторы болып жұмыс атқаруда.
1989 жылдың Желтоқсан айының 16 жұлдызы болатын. Ойымызда ештене жоқ, бірінші парда сабақта отырғанбыз, сонда бірінші пардың 45 минутыда әлі бітпеген еді, бір кезде төменгі қабаттан айқай шу естілді. Абыр - сабыр болып қалдық. Не болып қалды деп аудиториядан шыға бастады. Сабақ жайында қалды. Орыс мұғалімдер көрінбей қалды. Екінші қабатта басқа танымайтын жігіттер мен қыздар толып кетті. Соның ішінен біреуі шығып “ Қазақтар шығындар площадқа барамыз Д.А Қонаевты алып тастап, орнына Кольбинді қойған” деді. Барлық студенттер ілесе шаптық. Біздің “ Связь техникум” площадтың шыға берісінде орналасқан еді. Сыртқа шықсақ площадтың кіре беріс аузында солдаттар мен әскери техникалар толып қалыпты. Біздерді солдаттар площадқа өткізбеуге әрекет жасады. 4 - 5 рет ұмтылдық, бұзып өтуге жібермеді. Бір кезде бір солдат бір қызды ішінен теуіп құлатты. Оны көрген жігіттер мен қыздар ызаланып солдаттармен төбелесіп, цепочкаларын бұзып жарып площадқа бет алдық. Солдаттардың бәрі өзге ұлттар, бір - екі өзбек солдаты болды. Площадта айқай шу көбі жастар мен студенттер “ Кольбин кетсін Қазақстанға өз қазағымызды отырғызындар” деп ұрандап айқайлап тұрдық. Бірнеше топ болып жоғарыға қарай ұмтыламыз, бірақ бізді кейін қарай милициялар итеріп тастайды. Сөйтіп кешке дейін площадта болдық. Қудалады кетіңдер деп, су шашты бірақ кетпедік. Жоғарыдан төмен қарай милициялар итергенде трибунаға аяғым қысылып қалып, бір ажалдан қалдым. Сосын кешке қарай жатаханаға қайттық. Есік алдынан “ДНД” деген пәлелер келіп, қолдарында бір - бір штакетник ішке қуып кіргізіп таңға дейін есік алдында күзетте тұрды.