Мұхтар Мәлік Қабдыұлы-1965 жылы, 28 қарашада Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданының, Каленый, (қазіргі Ақбұлақ) ауылында дүниеге келдім.
1983 жылы Калмыков (қазіргі Тайпақ) ауылындағы Красноярорта мектебін бітіріп, Алматы ауыл шаруашылығы институтына, орман инженері мамандығына түсіп, 1988 жылы жоғарғы білім алып шықтым.
1988-1994 жылдар аралығында Тайпақ орман шаруашылығының орманшысы, 1994-1997 жылдары бас орманшы болдым.
1997 жылдан бастап 2019 жылдың шілде айына дейін Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндег мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқардым.
2019 жылы 10 шілдесінен бастап Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман екпелері иен орманды ұдайы өсіру инженері болып қызмет атқардым. Орман шаруашылығы саласында үзбестен 34 жыл қызмет атқардым.
2022 жылы 20 маусымда денсаулығыма байланысты бірінші топ мүгедектігіне шығарылдым.
1986 жылы желтоқсан айының 16,17,18 күндері Алматыда орын алған оқиға да отыз сегіз жылға таяау, ол кезде студент болатынмын. Алматының ауыл шаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетінің үшінші курснда оқып жүрген кезім. Мәскеудегілер Д.А.Қонаев атамызды биіктен түсіріп, орныны өзге ұлт өкілінен басшы тағайындауын естіген бойда тұла бойым бір ысып, бір суып сала берді. Құлағым шыңылдап, бойыма қаным симай бара жатқандай күй кештім. Бәлкім албырт жастықтың жалыны шығар, әйтеуір бір күш орнымда отырғызбады. Елде бір дүмпудің орын алғаны және бұл тегін нәрсе еместігін түсіндім. Әділдік іздеген жастардың қатарынан орын алып, менде алаңға қарай бет бұрдым. Мені ұлттық намыс алаңға апарды. Сөйтіп 1986 жылдың желтеқсан айының 16,17,18 күндері ұлт намысын ту етіп, сол кездегі Брежнов алаңында кеңестік тоталитарлық басқыншылық саясатына қарсы өз талабымызды білдірдік.
2012 жылдың 15 қаңтарында обылысымыздың №12 Чапаев сайлау округі бойынша Ақжайық аудандық мәслихатының депутаты болып сайланып және 2016 жылы Тайпақ сайлау окркгі бойынша 6-шы шақырылған Батыс Қазақстан обылыстық мәслихатының депутаты долып сайландым. Облыс, аудан әкімдерінің және обылыстық басқарма басшылығы тарапынан да бірнеше мәрте мақтау грамотасымен, сонымен қатар 2013 жылы Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлері кәсіподақтар одағы заңды тұлғалар бірлестігі орталық комитетінің салалық наградасы II-дәрежесі «еңбек даңқы» белгісімен 2015 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан конституциясына 20- жыл» мерекелік медалімен, 2016 жылы «желтоқсанның 30 жылдығы» естелік медалімен және бірнеше рет Батыс Қазақстан обылысы әкімі және обылыстық мәслихат хатшысының құрмет грамотасымен наградталдым. Қазіргі таңда үш қыз бір ұлым бар.