Джумағалиев Темірбек Төлегенович Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданы Чапаев ауылында көп балалы отбасында 1964 жылы 25 желтоқсанда дүниеге келген. 1980 жылы №2орта мектебін бітіріп, Чапай ауданы СПТУ-да оқып, 1983-1985 жылдары әскер қатарында болды. Әскерден келген соң 1986 жылдың қаңтар айында Алматы қаласы СМУ-20ға жұмысқа орналасты. Алматы қаласында 1986 жылдың 16-18 желтоқсан күндері ұлт намысын ту етіп алаңға шықты. Кеңестік тоталитарлық басқыншылықтың саясатына қарсы өзінің талабын білдірді. Көтеріліс кезінде 17 желтоқсан күні қолы сынып, басынан жарақат алды. Алматы қаласы түрмесіне қамалып, бірнеше күн өткен соң №2 травматология бөліміне түсті. Әрі қарай үш ай мерзімінде прокуратура қызметкерлері сұрақ-жауап алып, қазақ азаматтары арқасында сотталмай аман қалды. 2024 жылы ақталып шықты.