Имангалиева Гулнар Аққұбашқызы

Имангалиева Гулнар Аққұбашқызы 

29.10.1967 жылы  Үштөбе ауылы (бұрынғы атауы Болдырев, Первомай ауылдық советі) дүниеге келдім. Ата-анам қарапайым ауыл адамдары болды.

Әкем Аққұбаш соғыстан кейінгі жылдары мұғалім болған, елде ер азаматтардың аздығына орай кейін өмірінің соңына дейін ауылда мал, егін шарушылықтарында қызмет атқарды. Анам отбасыда бала бағып, оны тәрбиелеумен қатар ауылдағы маусымдық жұмыстарды (совхоздың қойын қырқу, қырманда егін жинау, шөп шабу) жұмыстарын атқарды. Отбасыда жеті баламыз. Төрт ағам екі апамның арасында мен үйдің кенжесі болып өстім. Қазіргі уақытта барлығыда отбасын құрып балалы-шағалы болып ғұмыр кешуде. Сол кездегі Чапаев ауданы Жамбыл орта мектебінен онжылдықты

Желтоқсан көтерілісіне 1986 қатысушы. Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ педагогикасы мен методикасы ПМНО факультетіне 1983 жылы оқуға түсті. 1983-1988 жылдары осы институттың студенті болды. 1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісін қолдап, наразылық көтерілісіне осы институттың 3-курс студенті группалас қыздармен бірге қатынасты. Алаңда жастар мен бірге Қазақстанды қазақтың басқаруын, басқа жақтан келген өзге ұлттың басқаруына  қарсы екенін жарыса айғайлап айтты. Жігіттердің қазақ ұлты, қазақ елі үшін деп жан ұшыра айтқан намысты, жалынды сөздерін қолдады. Ата Заңымыздың «сөз бостандығына» сеніп шыққан жастар екінші күні резеңке дубинка, темір қалқанша ұстаған солдаттарды, су шашатын әскери машиналар-танктерді көргенде, сонымен қатар жастарды нашақор, бұзақылар деп жалған ақпарат таратқанда, одан сайын дұрыс жолда екенін ұғынып, одан сайын біріге түсті.

2016 жылы желтоқсан көтерілісіне 30-жыл арналған құрмет медалімен марапатталды. Қазіргі уақытта мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын. Педагогикалық өтілім 35 жылды құрайды.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00