Имангалиев Азамат Ермекұлы - 1961 жылы 12 наурызда Ақжайық ауданының Барановка (қазіргі Самал) ауылында дүниеге келген. Барановка бастауыш, Бударин орта мектебінде орта білім алып, кейін Чуйков атындағы ұжымшарда еңбек еткен ол 1979 жылы Кеңес іскері қатарына шақырылып, Венгрия елінде, кейін Ауғанстанда әскери азаматтық борышын өтеген. Ауыр жарақат алып, кейін емделіп шығып, әскер қатарына қай оралып, интернационалистік борышын өтеуді Ауған жерінде жалғастырған. 1981 жылы елге аман-есен оралған. Содан бері туған ауылында еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта газ шаруашылығында слесарь болып қызмет етеді. Бүгінде ауған соғысының ардагері Самал (бұрынғы Барановка) ауылында тұрады.