Мерғалиев Болат Мүтиұлы

Мерғалиев Болат  Мүтиұлы – 1969 жылы 15 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылында дүниеге келген. 1976 жылы О.Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің табалдырығын аттап, 1986 жылы бітірген.

Туған ауылында еңбек етіп, 1987 жылдың мамыр айында Кеңес Әскері қатарына шақырылып, бір ай Түркіменстанда болып, кейін Ауған елінің Құндыз шаһарында әскери борышын атқарған. Ауған жерінде әскери борышын өтеп жүргенде, «Воину-интернационалисту от благодарного Афганского народа» медалімен марапатталған. Кейіннен «70 лет Вооруженных Сил СССР» мерекелік медалімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасымен, «Кеңес Әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына  15 жыл, 20 жыл, 25 жыл, 30 жыл, 35 жыл» медальдарымен марапатталған.

Интернационалдық борышын атқарып келген соң, ұжымшар жұмысына араласып, тракторшы-механизатор болып еңбек етті. Отбасылы, жанұяда бір ұл, бір қызы бар.

 

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00