1982 жылы 29 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Базаршолан ауылында дүниеге келген. 1999 жылы орта мектепті бітірген. ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист, «Еңбек даңқы», Жанғали Нәбибуллин атындағы төсбелгісінің иегері. 2008 жылы АТМУ журналист мамандығын бітіріп, сол жылы «Қазақстан-Атырау» телеарнасында еңбек жолын бастаған. 2009 жылы «Атырау» телеарнасының Мақат ауданындағы меншікті тілшісі қызметінде, аудандық «Мақат тынысы» газетінде, 2012 жылы аймақтық «Алтын қайық» газетінде жауапты хатшы, 2013-2016 жылдары республикалық «Мұнайлы Астана» газетінде жұмыс жасаған. Республикалық тәуелсіз «31» каналдың Атырау облысындағы меншікті тілшісі, 2019 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ректордың баспасөз хатшысы. 2017 жылы «Өзімнің аспанымның астындамын» , 2019 жылы «Тәңірге хат» , 2022 жылы «Шідерлі Шер» атты жыр жинақтары жарық көрді. «Ақжайық» телеарнасының «Алдаспан», «Сөз-соқпақ» жобаларының авторы. 2023 жылы Атырау қаласында өткен жыр мүшәйрасында «Байбақты ата атындағы жүлде» және Орал қаласында ақын Сағат Әбдуғалиевтың 75 жылдығына орай облыстық жыр мүшәйрасында «Жұбан» атындағы жүлдені иеленді. Бүгінгі таңда Астана қаласындағы "24KZ" арнасының тілшісі.