1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Қадырқұл ауылында дүниеге келген. Базартөбе орта мектебінің түлегі. Х.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжді тәмәмдаған. Алғаш 2004 жылы республикалық ІҮ Абай оқуларына қатысып, 3 - орын иеленген. Аудандық «Жастық жігер -2» фестиваліндегі ақындар айтысында бас жүлдегер, «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты А.Ищановты еске алу айтысында өнер көрсетті. Облыстық тіл айлығына, Т.Жароковтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жыр дүлдүлі» атты айтыстарда жүлдегер атанды. «Жайықтың айтысына жарты ғасыр» атты республикалық ақындар айтысына, Тасқала ауданының 75 жылдық мерейтойына орай өткен облыстық айтыста Х.Әбілов атындағы бас жүлдені иеленді. Қазіргі уақытта облыстық Қадыр орталығында қызмет атқаруда.