1979 жылы 30 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылдық округіне қарасты Қадырқұл ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Тайпақ ауылындағы орта мектепті бітірген. Алғаш 2001 жылы аудандық ақындар айтысына қатысып жүлделі орын алып, Орал қаласында өткен Наурыз айтысына жолдама алады. Шыңғырлау ауданында өткен айтыста 3 - орын, Жаңақала ауданында өткен А. Ищановты еске алуға арналған облыстық айтыста 1 - орын, Теректі ауданында өткен облыстық айтыста екі жыл қатарынан 1 - орын иегері . 2013 жылы Сырым ауданында өткен облыстық айтыста "Облыс ақыны"атағын алған. 2020 жылдың шілде айында Ақжайық аудандық "Жайық таңы" қоғамдық-саяси газетіне тілші, 2021 жылдан бері бірінші санатты тілші.