1993 жылы 6 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Жұбан ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Талап орта мектебін тәмамдап, 2013 жылы Орал гуманитарлық - техникалық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі. 2013 жылдан бастап Жұбан ауылдық кітапханасы «I-lib» комьюнити орталығының меңгерушісі. «Жас ақын» , «Жыл үздігі- 2012», БҚО жастар сыйлығы «Үздік студент» аталымдарының иегері. 2012 жылы облыс ақыны атанып, осы жылы «Жұбан елі-жыр әлемі» атты облыстық ақындар айтысында 1- орын, 2013 жылы «Жайық толқыны» өлкетану фестивалінде әдеби шығармашылық бағытында «Жас ақын» аталымымен 1- орын, 2015 жылы Жайық айтысының 60 жылдығына арналған республикалық «Жалындаған Жайық жыр» атты айтыста 2 - орын иеленді. Республикалық «Айтыстың Шолпан жұлдызы» аймақтық-республикалық ақындар айтысының 2 - орын жүлдегері. Аудандық «Жайық таңы» газетінің 90 жылдығына орай өткен облыстық «Жайық таңы-жыр таңы» айтысының 1- орын, Казталов ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен республикалық жас ақындар айтысының бас жүлдегері. 2016 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде «Жер-Ананың жүрегі аман соқсын» атты мақаласы жарық көрген. IV «Рухани қазына-2021» онлайн облыстық байқаудың «Үздік ауылдық кітапхана» аталымының иегері. «Сырым Датұлы» , БҚО “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгілерінің иегері.