1940 жылы 10 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік ауыл - шаруашылық институтына түсіп, 1962 жылы инженер – механик мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Ақжайық ауданының Алмалы ауылында механик болып жұмысқа орналасады. Аудандық ауылшаруашылық бірлестігінде, «Сельхозтехника» мекемесінде бас инженер қызметтерін жасаған. 1985 жылы Жәнібек ауданының Я.Свердлов атындағы совхозына директорлыққа тағайындалады. 1966 жылдан «Батыстрансгаз» АҚ - да инженер - механик болып жұмыс жасаған. Өмір жолдарын ой елегінен өткізіп, әке аманаты , аға буын өкілдері мен замандастарының ардақты есімдерін ел есінде қалдыру мақсатында «Әке аманаты» атты әңгімелер жинағын шығарған.