1941 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. ССРО Журналистер Одағының мүшесі, айтыскер – ақын. «Санко» атындағы орталау мектепті бітірген соң, 1956 жылдан әскер қатарына алынғанға дейін көмекші шопан, кейін жүргізуші болып жұмыс жасаған. 1967 жылы Ақжайық аудандық «Еңбек - Труд» газетіне әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Бірнеше рет облыстық айтысқа қатысып, 1979 жылы «Облыс ақыны» атағы берілді. 2000 жылы жергілікті баспаханадан «Жылдар мен жолдар» естелік кітабы жарық көрді. «Еңбек ардагері» медалінің иегері.