1936 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей орда ауданының Талап ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері. Саратов мемлекеттік малдәрігерлік - зоотехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Ақжайық ауданының «Коммунизм» колхозында қатардағы жұмысшы болып бастаған. Ақжайық ауданының Есенсай ауылында бас зоотехник, комсомол ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды. 1962 жылы облыста бірінші болып «Қилыбай» комсомол жастар шопандар бригадасын құрды. 1966 жылдан бастап совхозда басшылық етті. 1970-1972 жылдары Ақжайық аудандық ауыл шаруашылық басқармасынан бастап, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1978 - 1988 жылдары Ақжайық аудандық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет істеді. 1990-1995 жылдары Орал ет комбинатында бас директордың орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды. Ақжайық ауданының тыныс-тіршілігі мен еңбек адамдарының жетістіктерін баяндайтын «Жарқын белестер» атты кітабы бар. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.