Ғиззатов Саялбек Махамбетұлы 1984 жылы 21 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылында дүниеге келген. 2005-2007жылдары аралығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дің «Философия және мәдениеттану», 2008-2009 жылдары «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», 2009-2010 жылдары «Философия және құқық негіздері» кафедраларында оқытушылық қызмет атқарды. 2010 жылдан бастап Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты. 2010-2011 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің жетекшісі. 2011-2013 жылдары тарих және құқық факультетінің деканы. 2013-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасында бөлім басшысы. «Бөкей Ордасындағы жер үшін күрес (ХІХ ғасырдың І жартысы)» монографиясының (Алматы: «Арыс» баспасы, 2016 жыл) және 30-дан астам ғылыми еңбектердің авторы. 2012 жылы ҚР Құрмет грамотасы мен облыстық «Үздік жас ғалым» номинациясының иегері атанды. «Ақиқат» пікірсайыс орталығы қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы, «БҚО Жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.