1942 жылы 27 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының Теректі ауылында дүниеге келген. 1952 жылдан бері Ақжайық ауданы Мерген ауылында тұрады. 1963 жылдан Куйбышев совхозында көмекші шопан, механизатор, машина жүргізушісі болып жұмыс жасады, осы жұмыста жүріп совхоздың көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене араласқан. Совхоздың және ауданның намысын қорғап түрлі спорттық жарыстарға қатысқан. Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақты алғашқы насихаттаушылардың бірі. Көптеген аудандық, облыстық өнер байқауына қатысып түрлі жүлделермен марапатталды. Батыс Қазақстан көне күйшілерінің күйін ел арасында насихаттай жүріп, өзіде күй шығарумен айналысады. 2008 жылы «Қарттарым-қазынам» атты облыстық байқауда бас жүлдеге ие болды. «Ой-өрнек», «Өткенге ізет» атты кітаптары жарыққа шыққан.