Имангалиев Азамат Ермекұлы - 1961 жылы 12 наурызда Чапаев ауданының Барановка ауылында дүниеге келген. Барановка бастауыш, Бударин орта мектептерінде орта білім алып шыққаннан кейін, Чуйков атындағы ұжымшарда еңбек жолын бастайды. 1979 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, ілкіде Венгрия жерінде, кейін Ауғанстанда әскери азаматтық борышын өтейді. Ауыр жарақат алса да, емделіп шығып, ұрыс даласына қайта оралған сарбаз аса маңызды соғыс операцияларына қатынасып, ерлік пен ұстамдылықтың үлгісін көрсеткен. «Воину-интернационалисту от благодарного Афганского народа» медалімен (1989), «70 лет Вооруженных Сил СССР» мерекелік медалімен (1988), КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасымен марапатталған.