Максутова Күнзила Кабиқызы 04.06.1964 жылы Орал обылысы Чапай ауданы Еңбек совхозы Абай аулында қазіргі Батыс Қазақстан обылысы Теректі ауданы Абай ауылында дүниеге келдім. 1979 жылы Абай аылында сегіз жылдық мектепті бітіріп. 1981 жылы Ақжайық ауданына Калинин мектебін бітіріп. Сол жылы оқуға түсе алмай училищеде оқып жұмыс жасап. 1985 жылы Астанамыз Алматыға барып Автоматтық Электро Связ техникумна оқуға түстім. 1986 жылы 2 курс студенті едім. Д.Қонаев жолдастың зейнеткерлік демалысқа кетуіне байланысты, Елбасына басқа еден, басқа ұлт өкілін қоюына байланысты көптеген студенттер наразылық білдіріп бейбіт шаруге Брежнев атындағы алаңға шыққан болатынбыз. Биліктің шешіміне келіспейтіндерін айтып, атойлаған жастар алаңда. Сол жастардың ортасына бізде кіріп кеттік. Ешқандай қараусыз, бейбіт шеруге жиналған жастардың арасында жігерленіп тұрды, ештеңеден қаперсіз. Өйткені, билік біздің талабымызға құлақ асады деп сендік. Өкінішке қарай, өктем күшке қарсы тұруға, аяғына дейін шыдауға бекіндік. Әскерилер алаңды шеңбер құрып қоршап алды. Кейбір ел ағалары, зиялылар мінбеге шығып жанашырлық танытқан болып жастарға басу айтты. Әділдік үшін жиналған жастарды ешкім оқтата алмайтыны анық еді. Екі жақ бітімге келе алмағасын билік аш қасқырдай анталап тұрған әскерилерге бұйрық беріп, жастарға лап қойды. Жан-дәрмен, жан-жаққа қаша бастадық. Жан-жақтан шыңғырған дауыстар естіледі, денең түршігеді. Темір құрсаулы жендеттер қолына түскендерді қолын қайырып, әскери көлікке тоғытып жатты. Қыздарды қорғаған жігіттерді аяаусыз соққының астына алып, қан-жоса қылып мертіктіріп, қыздарды әскерилердің аяаусыз соғып жатқандары әлі көз алдымда. Ұрып-соғып, желкемізден түйіп брезентпен жабылған көлікке тиеп милиция бөліміне апарды. Ұрып-соғып түнге дейін жауап алды. Суық камера, қабағын түйген сұсты тергеушілер. Біресе бірінші қабатқа біресе екінші қабатқа сүйреп қайта-қайта тергеді. Ары-бері жүрген сайын дубинкамен ұрып денемізді көгала қойдай етті. Дәлізде қансыраған жігіттер. Несін айтайын, бізді жаудың жансызындай әбден қинады. Содан сағат түнгі 11-лер шамасында бір бейтаныс қыз екеумізді босатты. Қолымда 40 сом айыппұл жазылған түбіртек Құр сүлдемізді сүйретіп жатаханаға әрең жеттім. Ертеңгі күні техникумға барғанда тыныштық бермей партия жиналысына салды, комсомолдан шығарды, қатаң сөгіс берді. Әйтеуір, оқудан шығармағанына қуандым. 1988 жылы оқуымды бітіріп Ақжайық ауданында аудандық байланыс бөліміне жұмыс жасадым. Сол салада 23 жыл қызмет еттім. Аллаға шүкір отбасым бар. 1912 жылы Орал қаласына келіп жеке кәсіп ашып, қазір сол салада жұмыс істеп жатырмын. 2021 жылы ақталған қағазымды алып. 1986 жылы алаңда болған желтоқсан ардагерлерімен кездесіп 2022 жылы 8 ақпанда Батыс-Желтоқсан қоғам бірлестігі заң жүзінде тіркеп. Төрайымы ретінде желтоқсан ардагерлерімен жұмыстанудамыз.