1969 жылы Базартөбе ауылында дүниеге келдім.
1976 жылы Базартөбе орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, осы мектепті 1986 жылы Күміс медальмен аяқтадым. Мектеп бітірісімен Қарағанды Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түстім. Осы жылдың желтоқсан айында Алматы оқиғасын естіп, іле шала 18 желтоқсанда тобымызбен түгел қала орталығындағы әкімдік алдындағы алаңға ереуілге шықтық. Осы ісім үшін ауылдағы ата-анамызға тәртіп бұзғаным үшін деп ескерту қағазын жіберді.
Университетті 1991 жылы аяқтадым. Тұрмыс құрдым. Қарағанды облысында жанұяммен тұрдым. 1998 жылы жанұя жағдайыма байланысты туған ауылыма көшіп келіп, Базартөбе округіне қарасты Қызылжар ауылында тұрдым. Осы ауылдағы Еңбекші негізгі орта мектебінде 1998 жылдан 2023 жылға дейін мұғалім болып қызмет атқардым.
2023 жылдың мамырынан бастап Базартөбе жалпы орта білім беретін мектебіне ауысып, бүгінгі таңда осы мектепте мектеп директоры қызметіндемін.